«Денсаулықтың достары» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

«Денсаулықтың достары» атты тәрбиелік іс-шара өтті.

«Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін №24 орта мектеп»КММ-сінің 1 «а » сыныбында « Денсаулықтың достары» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Олар «Шымырлыр» және «Денсаулық » болып екі топқа бөлінді. Оқушылар денсаулық туралы мақал-мәтелдер, өлең-тақпақтар айтты. Денсаулықтың достары –айранды, сабынды жарнамалау арқылы көптеген мағлұматтар алды.Сонымен қатар топтық жұмыс, Венн диаграмма жасап денсаулықтың достары мен қастарын ,зиянды заттарды ажырата білуді үйренді. Соңында қазақтың ұлттық «Арқан тартыс» ойынын ойнап екі топта тең түсті. Балаларға бұл іс-шара өте ұнады, көңілдерінен шықты . іс-шараның соңында балалар денсаулыққа зиянды,пайдалы заттардың суреттерін салып өз ойларын жеткізе отырып, қорытынды жасады.

Дата: 22.01.2016, 6:32 Автор: №24 мектеп-интернаты