Қалалық «Айгөлек» ән-би байқауы.

Қалалық «Айгөлек» ән-би байқауы.

    Оқушылардың эстетикалық-көркем талғамдарын қалыптастырып, шығармашылық дамуын  бағыттау  , дарынды балаларды анықтау, қатысушылардың кәсіби  шеберліктерін шыңдап жаңа шығармашылықпен жұмыс жасауға жұмылдыру   мақсатында  қалалық «Айгөлек» ән-би байқауы жоспар бойынша 2016 жылы 16 қаңтар  күні ЖББ №5 орта мектебінде    өтті. Байқауға қала мектептерінен «Бүлдіршіндер» номинациясынан - 8 , «Жасөспірімдер әні» номинациясынан  -10, «Жас талант» номинациясы бойынша - 6 оқушы, «Жасөспірімдер биі» номинациясы бойынша -14 би топтары өнер көрсетті. «Айгөлек» байқауының әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы төмендегідей құрамда болды.  Өнер мектебінің вокал сыныбының ұстазы   Тлеулина Жанна Сагынтаевна, . «Ветерок» үлгілі хореографиялық ансамблінің жетекшісі Ющенко Екатерина,Оқушылар сарайының ұстаз ұйымдастырушысы    Тоғайбекова  Гулден Канатбекқызы, Жастар бастамашылдығы  орталығы маманы Сатмағанбетова Диана Менуаровна .. «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі  Бекеева Айман Ержанқызы болды.  Әділқазылар  алқасының  шешімі бойынша топ жарған жеңімпаздар  анықталды.  «Бүлдіршіндер» номинациясы бойынша бас жүлде - №15   мектеп-лицейінің  оқушысы  Ұзақбай Айару, 1 орын - 9 орта мектебінің оқушысы Серғалиқызы Аруна,№9 мектебінің оқушысы Орал Айбар, 2 орын - №16 орта мектебінің оқушысы Саматова Дана, жалпы типтік мектеп –интернатының оқушысы Өсербай Рауана, 3 орын - №24 орта мектебінің оқушысы Орал Көркем, №4 орта мектебінің оқушысы Осипов Станислав, №2 Абай атындағы лицей оқушысы  Алдаберлі Гулназға   бұйырды.  9-14 жас аралығындағы эстрада вокалы «Жасөспірімдер әні» номинациясы бойынша  бас жүлдені №8 орта мектебінің оқушысы Қуантаев Ернат, 1 орынды №2 мектеп – интернатының оқушысы Алтынбекова Ақмарал, 2 орынды -№25 орта мектебінің оқушысы Әлімхан Бекнұр, №16 орта мектебінің оқушысы Қыдырберді Диас, , 3 орынды  №2 Абай атындағы лицей оқушысы  Дакен Мадина , қалалық гимназия оқушысы Сағнаева Адина, №15 мектеп –лицейінің оқушысы Жаппарова Мадина   иеленді. «Жас таланттар» номинациясы бойынша өткен вокалдық сайысқа түскен оқушылар арасында 1 орынды  №2 мектеп интернатының «Жігер» вокалдық тобы  ,, 2 орынмен №15 мектеп лицейінің «Қызғалдақ» вокалдық тобы және №10 орта мектебінің «Радуга» вокалдық тобы, 3 орынды  жалпы типтік мектеп –интернатының «Шырайлым» вокалдық тобы, №16 орта мектебінің «Егеменді елім» вокалдық тобы және №25 орта мектебінің «Алаш» вокалдық тобы   қанжығасына байлады. .  Мың бұралған бишілер арасындағы сайыста «Жасөспірімдер би» номинациясының жүлдегерлері  де анықталды.»Жасөспірімдер биі» номинациясы өте тартысты өтті. Бас жүлдені   №2 мектеп интернаты, 1 орынды  №7 мектеп –гимназиясының «Бойтұмар»би тобы,  №15 мектеп –лицейінің «Назғұмыр» би тобы,  2 орынды жалпы типтік мектеп –интернатының «Арабеск» би тобы, №16 орта мектебінің «Нұр» би тобы, 3 орынды   №3 орта мектебінің «Балдаурен» би тобы,   №5 орта мектебі  «Наз» би тобы, №9 орта мектебінің бишілері  қанжылады. Ән мен биден өнер жарыстырған өнерпаздар бұл сайыстан үлкен әсер алды. Қалалық «Айгөлек» ән –би байқауын   Балқаш қаласының білім    бөлімінің қолдауымен  , «Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі» КММ,  «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингивистикалық бағыттағы орта мектебі» КММ-сі  ұйымдастырды. 

Дата: 19.01.2016, 5:18 Автор: №24 мектеп-интернаты