№24 орта мектебі бойынша қысқы демалыс кезіне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша қысқы демалыс кезіне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

  Мақсаты:Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақ бойына Отанға, халқына, ұлттар достығына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру. Әр түрлі өнер түріне балалардың ынтасын ояту және бос уақытын шығармашылықтың көркем түріне арнаған жеткіншектердің талабын оятып, таланттарға дем беру. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын орындау барысында спорттық , танымдық іс-шаралар ұйымдастыру.

30.12.2015 жылы 1-9 сынып арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.  Сурет көрмесіне 1-9 сынып арасынан 17 оқушы қатысып, қысқы табиғатты аса шеберлікпен бейнелеп, жеке шығармашылық көрмелерін ұйымдастырды.

 

«Сүйікті кітап беттерінен...» тақырыбында 1-4 сынып арасында    танымдық оқыту сабағын өткізді. Әр сыныптан 2 оқушы қатысып, мүдірмей оқудан сайыс ұйымдастырды.

Ерте жастан ағылшын тілін оқыту, білімдерін жетілдіру  мақсатында 1 сынып оқушыларымен ағылшын тілінің мұғалімі А.Қ.Абдуллаева «Путешествие в мир английского» танымдық сабағын өткізді. 1 сынып оқушылары аса қызығушылықпен сабаққа ат салысып, диалогтық қойылымдар қойды.

 30.12-06.01.2016 жыл аралығында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Жаңа жылдың ғажайып сиқырлары» тақырыбындағы театрлық қойылымға 1-5 сынып оқушылары барды.

       1-6  сыныптар  арасында  «Қыс мезгілінде төтенше жағдайдарды алдын алу шаралары  » тақырыбында әңгімелесу сабақтары  өтті.     Мектеп медбикесі  А.К.Бажбенова    «Төтенше жағдайлардың алдын алу  және олардан қорғану шаралары » бойынша ақпараттар берді.Сонымен қатар, қалалық ТЖ орталығының медбикесімен кездесу ұйымдастырылды.  Медбике  тақырып бойынша слайд фильм көрсетіп, оқушыларға таратпа қағаздар таратты. Қыс кезеңінде сақтандыру-профилактикалық жұмыс жүргізуге және ТЖ алдын алу мақсатында халықты жаппай қамтуға құтқарушылар барлық бұқаралық ақпарат құралдарының  мүмкіндіктерін пайдаланатындығы жайында  хабардар етеді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды. Кездесуден  алынған білімдер қиыншылықтармен күресуде маңызды жәрдем болатынына, өз күшіне өзі сенушілігін арттырып, көмектесетініне үміттенеміз.

  

Қысқы каникул барысында  жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты  алдын-алу мақсатында профилақтикалық рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты: жасөспірімдердің арасында алкогольдік және темекі сатылу дәлелі болды ма, түнгі мезгілде жасөспірімдірдің заңды өкілдерінсіз жүруі, сабаққа себепсіз келмеуіне байланысты мақсатта жүргізілді.Бұл іс-шараға мектептің 5 мұғалімдері  бекітілген балалардың мекен-жайы бойынша рейд жұмысын жүргізді.

  30.12.2015 жылы қысқы демалыс  кезіндегі оқушылардың бос уақытын қадағалау жүргізілді. Әсіресе, қауіпті топ пен тәуекел тобындағы оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі бос уақыттары басты назарға алынды. Қауіпті топ есебіндегі оқушыларды құқық бұзушылықтың алдын алу негізінде ата-анасымен тікелей әңгіме жүргізіліп, әкімшілік жақтан қадағаланып отырды. 06.01.2016 жылы әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілерінің тікелей қатысуымен жасөспірімдердің тұрмыстық-материалдық жағдайын анықтау мақсатында рейд жұмыстары жүргізілді. Бұл рейд жұмысының негізгі мақсаты- аз қамтылған, қамқоршылар қарамағындағы оқушылардың тұрмыстық-материалдық жағдайын, ахуалын анықтау және олардың сабақ оқуға мүмкіндіктерінің барына көз жеткізу. Аталған іс-шараға ең бірінші қамқоршылар қарамағындағы оқушылар, кейін «қауіпті топ» есебіндегі оқушылардың үйін аралау негіз болды. Мектепте жалпы қамқоршылар қарамағындағы оқушылар саны-4. Атап айтсақ, Батырбеков Думан 4 «А» сыныбы, Шахов Мейрамбек 8 «Б» сыныбы, Шахов Алибек 7 «Б» сыныбы және Абдузохирова Мадина 9 «А» сынып оқушысы.

Тексеру барысында қамқоршылар қармағындағы оқушылардың тұрмыстық жағдайы орташа, санитарлық талаптары сақталған әрі оқушылардың білім алуға, сабақ дайындауға мүмкіншіліктерінің бары анықталды.

Ал, «қауіпті топ» есебіндегі балалар да рейд жұмыстары кезінде үйлерінен табылып, олардың үй тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық орта  деңгейде болды.  «Қауіпті топ» есебіндегі оқушылардың үйлеріне міндетті түрде рейд жүргізу, сондай-ақ тұрмыстық-материалдық жағдайын анықтау мақсатында үнемі жұмыстар жүргізіледі.

 №24 орта мектебінің 9 сынып оқушылары сынып жетекшісімен 6 қаңтар күні кәсіби білім беруде мекемелермен бірлесіп бағыт беру алдындағы, кәсіби бағыт беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында қаламыздағы медициналық колледжіне барды. Барған оқушылар колледж оқытушыларының көмегімен ғимаратты аралап шығып, сабақ оқытылатын кабинеттермен де жеке – жеке танысып өтті. Содан кейін тәжірибелік сабақ өтетін кабинетте клиникалық өлім жағдайында көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы сабаққа қатысты. Сабақ барысында алдымен сұрақ – жауап ретінде көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы түсіндіріліп өтті. Содан кейін колледж оқытушысы тәжірибе арқылы жасап көрсетіп, оқушылар өздерінің сабақ барысында үйренгендерін айта отырып, жасап көрсетті. Тәжірибелік сабақ соңында медицинаға байланысты әр түрлі тақырыпта слайд – фильмдер, видеолар көрсетілді. Соңында сынып жетекшісі оқушылардың алған әсерімен бөлісіп, көріп – білгендері туралы және медицина саласы жайлы қандай ой түйгендері туралы өз ойларын ортаға салды.

  

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын орындау барысында спорттық  іс-шаралар жоспарланды. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Р.Естайдың жетекшілігімен спорттық іс-шаралар өткізілді. «Кім күшті» турникке тартылу, «Кім жылдам» волейбол жарыстары , теннис ойындарын ұйымдастырды. 8-9 сынып оқушылары белсенділік танытып, демалыс күндерін спорттық іс-шараларға арнады.

 

          04.01 күні  «Мектептің жанашырлары» Жаңа жылдық безендірулерді жинау. 8-9 сыныптар өздерінің сынып жетекшілерімен жаңа жылдық безендірілген АКТ залын жинасуға ат салысты. Оқушылар өздерінің ұйымшылдықтарын көрсете  отырып, бірігіп жұмыс жасады.

05. 01 күнг«Не? Қайда? Қашан?» атты мамандық туралы  тақырыбында   5 – 7  сыныптар аралығында ақпарат берілді. Мақсаты орта буындағы сынып оқушыларына мамандық таңдауға дұрыс бағыт – бағдар беру.  Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізіміде айтылып өтті. 

08.01.2016 жылы  қысқы демалыс жоспарында белгіленген  Қазақстанның Тәуелсіздігіне және Қазақ хандығына 550 жылдығына арналған  8А және 8Б сыныптар арасында « Тарих білгірлер» сайысы  өтті. Бұл сайыстың мақсаты: Қазақстан тарихы туралы білімдерін  арттыру. Өз  еліне , Отанға деген сүйіспеншілігін ояту.

Сайысқа «Ястребы» және «Қырандар»  топтары қатысып, сайыс 4 кезеңнен тұрды. Сайыс өте қызықты өтті. Сайыс соңында оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

  

Дата: 8.01.2016, 17:58 Автор: №24 мектеп-интернаты