Жалпы білім беретін №24 орта мектебінде 8-9 сыныптар арасындағы «Жаңа жыл!» мерекесінің өтуі туралы ақпарат

Жалпы білім беретін №24 орта мектебінде  8-9 сыныптар арасындағы  «Жаңа жыл!» мерекесінің өтуі туралы ақпарат

29.12.15 жылы № 24 жалпы білім беретін орта мектебінде «Жаңа жыл түні 2016» атты мерекелік іс - шара  8-9 сыныптар арасында өтті.  Жаңа жылға арналған мерекелік  іс-шара жақсы деңгейде ұйымдастырылды.  Әр сынып оқушылары әр түрлі (8А- стиляги,8Б,9Б - қарақшылар, 9А- Ханымдар мен мырзалар)маскалар киіп, мерекенің көркін ашты.

  Аяз ата мен Ақша қар қонаққа келді. Әр түрлі ойындар ұйымдастырылды. Әрбір сынып өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік іс-шараға белсене ат салысты.   8 «А», 8 «Б» сыныптарынан құралған шығармашылық топ қойылымдар қойып, кейіпкерлердің ролін сомдады. Ойындарға  қатысқан  оқушылар      Аяз ата қоржыннан сыйлықтарға ие болды. Барлығы 35 оқушы қатысты.

Дата: 30.12.2015, 6:44 Автор: №24 мектеп-интернаты