«Lesson Study» - тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі» тақырыбында семинар
Елбасының «Білімді, сауатты адамдар- бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деп атап көрсеткендей «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебінде» 23.12.2015 жылы жаңа форматтағы мұғалімдердің семинары болып өтті. Семинар қалалық мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында өтті. Семинарға Балқаш қаласының әр мектебінен екі мұғалімнен шақырылды. Олардың ішінде деңгейлі бағдарламаны аяқтаған мұғалімдер мен, жас мамандар болды. Бағдарлама бойынша келген қонақтарды қарсы алып, мектептің үшінші (базалық) деңгейлі мұғалімдері ашық сабақтарын көрсетті. Атап айтатын болсақ, 9А сыныбында Қазақстан тарихынан «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Шолакова Л.Б, 5А сыныбында орыс тілі пәнінен Маулетова И.О «Образование слов при помощи приставок и суффиксов» тақырыбында, 8А сыныбында физика пәнінен Серикова Э.З «Ток күші.Амперметр», 3А сыныбында дүниетану пәнінен Балмагамбетова Г.Е «Табиғаттағы су, оның қасиеті. Бұлт және тұман.Жауын-шашын» тақырыптарында ашық сабақтар өтілді. Келесі кезеңінде екінші (негізгі) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Жунусова А.Н «Lesson study» әдісі арқылы оқушыларды зерттеу тақырыбында коучинг жүргізіп, соңы семинарды қорытындылау рефлексиясымен аяқталды.
Дата: 26.12.2015, 4:57 Автор: №24 мектеп-интернаты