Қош бол, әліппе!

Қош бол, әліппе!

Мектебімізде  1"А" ,1"Ә" сыныптарында  "Қош бол, әліппе" мерекесі болып өтті. Жаңадан мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің өздерінің әліппеден алған білімдерін бекіту мақсатында өткен бұл мерекеге өздерін тек жақсы жағынан, болашақта өз елінің білімді намысты қыз-ұлдары болатының көрсете білді. Мерекеге барлық ата-аналар, қонақтар, ұстаздар қатысты.Балалар әліппе туралы білетін тақпақтарын айтып, әліппе туралы ән шырқады. Ата-ана мен балаларды қосып ойындар ойнатылды. «Шалқан» ертегісі қойылымға қойылды. «Қара жорға», «Вальс», «Бұзықтар» сияқты билер мен қоса флэшмоб  билеу арқылы балалар өз өнерлерін кеңінен көрсетті. Мереке соңында ата-аналар тілек тілеп, ақ баталарын берді. Екі сыныптада мереке көңілді өтті.

Дата: 24.12.2015, 5:07 Автор: №24 мектеп-интернаты