№24 орта мектебі бойынша отбасы дәстүрлері, адамгершілік және рухани – адамгершілік тәрбие беруге байланысты жүргізілген іс – шаралар туралы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша отбасы дәстүрлері, адамгершілік және рухани – адамгершілік тәрбие беруге байланысты жүргізілген іс – шаралар туралы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша отбасы дәстүрлері, адамгершілік және рухани – адамгершілік тәрбие беруге байланысты жүргізілген іс – шаралар туралы ақпарат

№24 орта мектебінде рухани – адамгершілік және отбасы тәрбиесі бойынша әр түрлі іс – шаралар жүргізілуде. «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында отбасы күніне арналған іс – шаралар өтті. 1-4 сынып аралығында фотоколлаж ұйымдастырылды.

      

Оқушылар және олардың  ата – аналары да, белсене ат салыса отырып, жеңімпаздар анықталды. «Отбасының бала өміріндегі алатын рөлі» 1сынып оқушыларының бейімделуіне байланысты ата – аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушылардың ата – аналары қатысты. Мақсаты 1 сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне ата – аналар тарапынан жүргізілетін жұмыстарға бағыт – бағдар беру, кеңестер беру. «Бірге жетістіктерге жетеміз» спорттық сайысы өткізілді. Сайысқа 5-6 сыныптардан Қазанғаповтар, Шамсудиновтар отбасы қатысып, сайыс қорытындысы бойынша Қазанғаповтар отбасы жеңімпаз атанды. «Бақытты жанұя – бақытты ел» сурет көрмесі ұйымдастырылды. 1-9 сыныптарда «Ата – ананаың үйі – өмір жолының бастауы» тақырыбында әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып сынып сағаттары өтті. «Қазіргі замандағы отбасының қиындықтар және оларды шешу жолдары»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 8-9 сынып оқушылары тақырып бойынша пікірталас ұйымдастырып, құнды ақпараттар алды. «Отбасының бала өміріндегі алатын орны» тақырыбында жалпы ата – аналар жиналысы өткізілді. Ата – налар жиналысына қалалық поликлиникадан врач А.Ж.Ожанова, қалалық наркологиялық – диспансерден врач – нарколог А.Т.Жасұзақова, мектеп инспекторы А.Т.Дергачев, МАЙ инспекторы М.Р:Надирбеков шақырылып, тақырып бойынша таратпа қағаздар таратылды. 2014 – 2015 оқу жылындағы мектеп оқушыларының жетістіктері бойынша көрме ұйымдастырылды. «Отбасының адам өміріндегі рөлі» тақырыбында 1б сыныбында ойын ретінде ұйымдастырылған сынып сағаты болып өтсе, 2б сыныбында «Менің отбасым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 5а сыныбында «Сыпайы сөйлеу - сыйласу» тақырыбында оқушыларды сыпайылыққа, үлкендерді және бір – бірін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ашық сынып сағаты өткізілді.

  Сынып сағаты барысында оқушылар топқа бөліне отырып, көптеген жұмыстар орындады. Оқушылардың жеке танымдық, еріктілік, тәртіптілік ерекшеліктерін ұштау, ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихынанмағлұмат беру,  халық дәстүрлерін неғұрлым таза сақтап, қонақты күту дәстүрін ой елегінен өткізіп, өнеге алатындай етіп үйрету«Қонақ күту дәстүрлері» тақырыбында 6А сыныбында дөңгелек үстел болып өтті. 6-8 сынып арасында «Толеранттылық – келісімге апарар жол»  тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгілері туралы түсінік беру мақсатында«Дос және достық» 1Ә сыныбында сайыс - сабақ өткілзілді.

  

   4Ә сыныбында «Толеранттылық дегеніміз не?» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға толеранттылық деген сөздің мағынасын түсіндіру .Халықтар арасындағы татулық, бірлік, ынтымақтастықты нығайту. Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің басқа ойға , көзқарасқа, наным-сенімге , іс –әрекетке , әдеп-ғұрыпқа , сезім –күйге , идеяларға төзімділік , жұмсақтық көрсете білу қасиетін қалыптастыру. Сынып тақырыпқа сай безендірілді. Барлық оқушылар іс-шараға ат салысты.   Оқушылар әр ұлттың киімін киіп, ұлттық би, патриоттық тақырыптағы әндер орындап, әдеби-монтаж қойылды. Танымдық сабақ өте қызықты ұйымдастырылды.

  

Дата: 19.12.2015, 6:48 Автор: №24 мектеп-интернаты