№24 орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат
Мақсаты:Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа жолдауын талқылау мақсатында 8-9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын білдіріп, елбасымыздың салиқалы саясатын , болашаққа көзделген, негізделген стратегиялық жоспарларын ортаға салып, өз ойларын ашық білдірді.
Сонымен қатар , педагогикалық ұжыммен Елбасы Жолдауын кең ауқымды талдап, биология және география пәнінің мұғалімі Б.Е.Садуов өз пікірлерін білдіріп, Қазақстан экономикасындағы оңтайлы , қолайлы жағдайларды ортаға салды.
«Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы» тақырыбында ақпараттық стенд және сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар шығармашылығынан ұйымдастырылған сурет көрмесінде бастауыш сынып оқушысы Дагаева Софияның суреті ерекшеленді.
«100 нақты қадам. Ұлттық жоспар» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында іскерлік сабақ өтті. Іскерлік сабақта Елбасының 2014 жылғы Жолдауымен бірге 30.11.2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауы да талқыланып, оқушылар өз ойларын білдіре отырып, ой пікірлерін қағаз бетіне түсірді.
«Моя Родина -Қазахстан» тақырыбында Қазақстан халқының тәуелсіздік жылдарындағы өмірін, даму жағдайларын түсіндіру мақсатында 8Б сыныбында дөңгелек үстел өтті.
«Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы» тақырыбында оқу тілі орыс тіліне арналған 5-8 сыныптар арасында эссе жазудан сайыс ұйымдастырылды. 5-8 сынып оқушылары белсене ат салысып, сыныптар арасында 5Б сынып Чеботарь Григорий, 7Б сынып Шапавалова Екатерина , 8Б сынып Смирнова Анастасия , 9Б сынып Востроколенко Ольга жазған эсселері үздік деп танылып, қалалық «Тәуелсіздік толғауы» тақырыбындағы сайысқа жолдама алды.
«Нұрлы Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан » тақырыбында мектеп кітапханашысы кітап көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар құрылған кесте бойынша кітапханаға барды.
«ЭКСПО -2017» халықаралық көрмеге өз үлесін қосуда қалалық «Менің болашақ үйім » тақырыбындағы сайысқа мектебімізден ағайынды Мүбарак Айбек және Гауһар қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
15.12 күні «Жасұлан» БЖҰ салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиында мектебіміздің «Самрұқ» үгіт-насихат тобы өз үндеулерін айтса, 5 А сынып оқушылары «Жасұлан» ұйымына қабылданды. Салтанатты жиында география пәнінің мұғалімі Б.Е.Садуов құттықтау сөз айтып, өскелең ұрпаққа Елбасының жолдауын , еліміздегі жаңалықтар мен өзгерістерге қосар үлесімізді сөз етті. «Жасқыран» ұйымының мүшелері 3А,2А сынып оқушылары Орал Ажар мен Көркем «Ариайдай» әнін айтып, «Жасұлан» ұйымына қабылданған 5 А сынып оқушыларын құттықтады.
15.12 күні «Қазақстан- Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Сайысқа 31 оқушы қатысты. 1 орынды 2Б сынып оқушысы София Дагаева, 2 орынды 1А Балтабай Нұрдос , 3 орынды 4Б Косибаев Кирилл иеленіп, қалған қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Тәуелсіздік –тынысың, бүгінгі дәулетің , ертеңгі ырысың» тақырыбында сынып сағаттары өтті. «Поэтические странички о Родине» атты викториналық ойын сабақ 2Б сыныбында ұйымдастырылды. Оқушылар «Қазақстан» , «Елбасы» , «Мемлекеттік Рәміздер» туралы білімдерін ортаға салып, іс-шараға белсене ат салысты.
Қалалық деңгейде өткен тақырыбындағы қолөнершілердің көрмесінде мектеп оқушыларының қолөнер туындылары жасалу технологиясы тұрғысынан ерекшеленіп, мадақтамамен марапатталды. Сонымен қатар, облыстық «Ізденіс», қалалық «Балқаш өңірі» газеттеріне мектеп оқушыларының мақалалары жарық көрді.
Дата: 15.12.2015, 10:07 Автор: №24 мектеп-интернаты