№24 орта мектебінде «Елбасы» елмен бірге ...» тақырыбында өткен тәрбиелік іс-шараның ақпараты

№24 орта мектебінде «Елбасы» елмен бірге ...» тақырыбында өткен тәрбиелік іс-шараның ақпараты

Іс-шара мемлекеттік Гимнді орындаумен басталды.«Қазақстан, Елбасы» тақырыбында үгіт-насихат тобы көптеген ақпарат бере отырып, оқушыларға іс-шараға белсене ат салысуына жағдай жасады.  Елбасының өмірі, тәуелсіздік жылдарындағы ел бірлігін сақтауда, ел экономикасын дамытуда  атқарған ерен еңбегі жайлы слайд фильм көрсетілді.    Елбасының балалық шағы жайында оқушылардың дайындаған қойылымы әсерлі болды.  Жалғасын тапқан мәнерлеп оқу сайысы оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, «Отан, Қазақстан, Елбасы»  жайлы  өлең жолдары бүгінгі іс-шараға шашу боп шашылды.  Бүгінгі іс-шараны қорытындылай келе  викториналық сұрақтар қойылып,оқушылардың білімдері тексерілді.  Оқушылар  арман –тілектерін қағаз бетіне түсіріп,   болашаққа хат жазды.

Дата: 2.12.2015, 10:02 Автор: №24 мектеп-интернаты