1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

Мақсаты:  Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.  Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып , Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу.  Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу.

15 .11 күніне бастап «Елбасымыз жасай берсін!» тақырыбында оқушылар, ұстаздар шығармашылығы мен елбасының өмірі және 24 жылдағы ерен еңбектеріне арналған ақпараттық стенд жасалды. Ақпараттық стендте оқушылар елбасына арналған жыр шумақтарымен қоса «Президентке тілегім» айдарындағы эсселеріде жарық көрді. Сонымен қатар мектебімізде жоғарғы сынып арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып,   9А сынып оқушысы Рзаханов Нұрислам   «Елбасыға арнау» өлеңін шығарып, қалалық бұқаралық ақпарат көздеріне шығармашылығын жолдадық .

    « Елбасы күні – елдікке құрмет мерекесі» тақырыбында кітап көрмесі өтті.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмір жолы, қадір қаситеі, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, азаматтыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрмеде оқушылар  Елбасы жайлы қысқаша мағлұмат алды және Елбасы жайлы жазылған кітаптар мен Елбасымыздың туындыларымен танысты.Оқушылар да өз білгендерімен бөлісіп, ойларын айтты.

 
Оқушылар әр түрлі сұрақтар қойып,  Елбасымыздың туындыларына қызығушылық танытты.  Кітап көрмесі оқушыларға үлкен әсер қалдырды.

        25.11 күні 8-11 сынып оқушыларының арасында  «Қазақстан жолы » кітабын талқылау бойынша пікірталас  өтті. Іс-шараға 8-11 сынып оқушылары барлығы ат салысып, ойларын ортаға салды. Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы ел бірлігін сақтауда, ел экономикасын дамытуда  атқарған ерен еңбегі жайлы айтылды.

 20.11-29.11  күндер аралығында «Біздің Елбасымыз» тақырыбында 1-8 сынып аралығында елбасымыз жайлы бейнефильм көрсетілімдері көрсетілді. Оқушылар әр үзілістерін мектеп файесінде орналастырылған диапроектордан бейнефильмдерді аса қызығушылықпен тамашалады.

  

 « Ұлт көшбасшысы » тақырыбында  5-11 сынып арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа  5-11 сынып арасынан  22  оқушы ат салысып қатысты.   

   №24 орта мектебінде қараша айының 30 күні  «Ел еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға»  атты  салтанатты 1 – 11 сыныптар аралығында  жиын өткізілді. Салтанатты жиынды өткізу мақсатты оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу. Таңғы жиын мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Жүргізушілер салтанатты жиынды аша отырып, алғашқы сөз кезегін мектебіміздің биология және география пәнінің мұғалімі  Б.Е.Садуовқа берілді.      1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні туралы,  жалпы Н.Ә.Назарбаев жайлы жан – жақты мәліметтер беріп кетті. Одан кейін салтанатты жиынды мектебіміздегі бастауыш сыныптардан құралған кішкентай хор өздерінің «Айналайын» атты әнімен жалғастырды. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына «Ұланбасын» сайлау рәсімі жүргізілді. «Жас Ұлан» ұйымының Президенті Оразғали Аяулым сөз алып, Ұланбасына 7 «а» сынып оқушысы Байманкулова Назымға табыстады. . Сонымен қатар Ұланбасының ант қабылдау рәсімі жүргізілді. 5 сыныптардан құралған үгіт – насихат тобы Елбасы туралы ақпараттар әр түрлі беріп өтті.

30.11.2015 жылы  1-желтоқсан  Тұңғыш Президент  күніне арналған бастауыш сыныптар арасында  « Елбасы, жасай берсін!» тақырыбында әдеби салон    өтті. Әдеби салонның  мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсесін көтеріп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасымен таныстыру. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Зал тақырыпқа сай безендірілді. Ашық тәрбие сағаты екі тілде өтті. Тәрбие сағатының негізгі бір бөлімі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірінен келтірілген қойылымдар болған.  Халықтар достастығын бейнелейтін би, күй, ән, өлеңдер және жылдар топтамасы айтылды. Тәрбие сағаты өз мәнінде өтті.

«Елін сүйген -Елбасы»  тақырыбында 4Ә  сыныбында ашық сынып сағаттары өтті.     Сынып сағаттарында Елбасымыз жайлы құнды ақпараттар берумен қатар , елбасымыздың  балалық шағы жайында қойылымдар көрсетті.  Елбасының хоббиін оқушылардың мамандық таңдауымен  байланыстыра отырып, сұрақ –жауаптар  ұйымдастырды. Оқушылар Елбасы жайлы ақпараттармен қатар тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбектеріне тоқталды. «Елбасына хат» айдарында жылы лебіздерін білдіре отырып,  ыстық ықыластарын қағаз беттеріне түсірді.

29.11 күні «Қоян мен түлкі» тақырыбында 4А сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Айбөбек» дамыту орталығына ертегі қойылды. Орталық тәрбиеленушілері аса қызығушылықпен тамашалап, көңілдерін көтерді.

Сонымен қатар, ҚР-сы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауы 8-9 сынып оқушыларымен талқыланып, оқушылар өз ойларын білдірді.

Дата: 2.12.2015, 9:16 Автор: №24 мектеп-интернаты