№24 орта мектебінде «Ер есімі-ел есінде» тақырыбында өткен сынып сағатының ақпараты
№24 орта мектебінде 23.11.2015 жылы «Ер есімі –ел есінде» тақырыбында Халық Қаһарманы, ҚР –сы Парламент Сенатының депутаты , армия генаралы М.Қ.Алтынбаевтың 70 жасқа толуына орай 9А сыныбында ашық сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Халық Қаһарманы, ҚР –сы Парламент Сенатының депутаты , армия генаралы М.Қ.Алтынбаев туралы мағлұмат беру. Оның Қазақстан армиясын қалыптастырудағы ерен еңбегін ашып көрсету.Оқушылардың бойынан Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сынып сағаты барысында М.Қ.Алтынбаевтың өмірі жолынан құнды ақпараттар бере отырып, болашақ ұрпаққа үлгі болар істерін оқушылар баяндады. Мұқажанова Айсұлу, Қанаят Арайлым үйге берілген тапсырма бойынша , М.Қ.Алтынбаевтың мемлекеттің Қарулы Күштерінің қалыптасуындағы кемел еңбектеріне тоқталып, сыныптастарының дайындаған сұрақтарына жауап берді.
Дата: 23.11.2015, 8:19 Автор: №24 мектеп-интернаты