Размер шрифта:

№24 орта мектебінде 04.11-11.11.2015 жыл аралығында күзгі демалыста өткізілген іс-шаралар жайлы ақпарат.

№24 орта мектебінде 04.11-11.11.2015 жыл аралығында күзгі демалыста өткізілген іс-шаралар жайлы ақпарат.

   Мақсаты:Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпа бойына Отанға , халқына , ұлттар достығына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру ,мәдениет мәртебесін ұрпақ санасына сіңіру , әртүрлі  өнер түріне балалардың ынтасын ояту және бос уақыттарын  шығармашылықтың көркем түріне арнаған жеткіншектердің талабын оятып, таланттарға дем беру.

Бастауыш сынып оқушылары қалалық Оқушылар сарйының ұйымдастыруымен өткен «Достар арасында» ойын –сауық бағдарламасына белсене ат салысты.

  1-4 сынып арасында  «Күз-береке, күз-мереке» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Көрмеге сыныптар арасынан 12 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Бірінші орынды 7А сыныпоқушысы Мукарамова Гауһар  иеленіп , қалалық байқауға жолдама алды.

  Күзгі каникулға бекітілген жоспарға сәйкес 09.11.2015 жылы жасөспірімдер арасынды құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилақтикалық рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты, қараусыздық пен панасыздықты болдырмау және алдын алу, білім алудан бас тартатын балаларды анықтау және оларды мектепке қайтару үшін жедел шаралар қабылдау, сондай-ақ зиянды заттардың сатылымы болмауын қадағалау.

  

Бұл іс-шараға мектептің  бекітілген мұғалімдері Маулетова И.О және Конкашева А.  Және Әкелер кеңесінің мүшелерінің көмегімен  Балхаш бекеті  бойында рейд жұмыстарын жүргізді.

 Мектепішілік есептегі тұрған Рахымжанов Манат 9А сыныбы,Толеубаев Азат 9А, Цветкова Алина 8Б сыныбы, Ким Никита  8Б сыныбы, Балакин Влас 5Б сынып оқушыларның үйлеріне міндетті түрде рейд жүргізіліп, ата-аналарымен әңгіме жүргізіліп, жауапкершіліктері туралы ескертіліп, кеңестер берілді.

Ата-аналарға рейдтің мақсатымен таныстыра отырып, кешкі мезгілде оқушыларды ата-анасының қарауынсыз ешқайда жібермеу, әкелерінің жұмсауымен дүкендерден темекі бұйымдарын алуға тыйым салу туралы әңгіме, түсінік жүргізілді. Кешкі мезгілде  кездескен оқушылармен әңгіме жүргізіліп, әкімшілік жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

Рейд бойынша барлығы 10 пәтерді аралау жұмысы жүргізілді.  Мектепте «қиын» балаларды есепке алып, олардың жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, сабақ   үлгерімі т.б жағдайларын бақылап ,дер кезінде педагогикалық –психологиялық көмек беру үшін мектепте психолог, тәлімгерлер мен директордың орынбасарлары  бекітіліп арнайы  жоспар бойынша жұмыс жүргізді. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушылар спорт үйірмелеріне  қатыстырылды. . Оқушыларды түрлі үйірмелерге тарту олардың бос уақытын тиімді пайдалану, сол арқылы қылмыстың алдын-алу таптырмас құрал болып табылады .

Дата: 13.11.2015, 4:15 Автор: №24 мектеп-интернаты