«Мамандықтар әлеміне жол ашамыз!»

«Мамандықтар әлеміне жол ашамыз!»

      10.11.2015 жылы сағат 11.00-де Оқушылар сарайында білім бөлімінің қолдауымен , №24 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз!» тақырыбында қалалық  іс-шара ұйымдастырылды. Сайыстың  негізгі мақсаты алдағы уақытта Қазақстан экономикасы мен еңбек нарығында қажет және талап етілетін кәсіпті таңдаудағы  оқушылардың шығармашылық ізденісін арттыру және қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру қызметіне педагогтар мен оқушыларды тарту.

«Мамандықтар әлеміне жол ашамыз!»сайысында Қарағанды облысы бойынша  Балқаш қаласы филиалы   кәсіпкерлер палатасының басшысы Махмутов Ернар Амангельдиевич, ҚР-сы Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің мұғалімі Құрманбеков Жансаят Сарсембаевич, Оқушылар сарайының ұстаз-ұйымдастырушысы Тоғайбекова Гулден Қанатбековна қатысушылардың  әділ бағасын берген әділқазылар болды.

Сайысқа  қала мектептерінен  барлығы 52 оқушы қатысты. Сайыс 4 номинация тұрады.

1.«Осындай мамандық бар»  - Қазақстан экономика мен еңбек нарығында талап етілетін және қажетті мамандықтар туралы балалардың  компьютерлік презентациялар байқауы;

2.«Мамандықты таңдау уақыты»   - ақпаратты-коммуникативті технологиялар негізінде (АКТ) технологиялар (компьютерлік ойындар сценарийлер, анимация, сайт жобасы, мультимедиялар презентациясы, бейнеролик).

3.«Мен мамандықтар әлемінде»  - әдеби байқау , оқу (проза, поэзия, шығарма-пікір, очерк, әдеби суреттеу).

4. «Бұл - ғажайып мамандық әлемі»   - көркемдік шығармашылық байқауы (сурет, көркем сурет, графика, коллаж, сәндік-қолданбалы шығармашылық). Сайыс тартысты өтіп, кеш соңында жеңімпаздарда анықталды.С айыс жеңімпаздары:

.«Осындай мамандық бар» сайысында  «Мамандық- табысты өмір кепілі »    номинациясы бойынша І орын-  Мукышева Айзат №8 орта мектебі, ІІ орын- Серікбай Айман №9 орта мектебі,ІІІ орын -  Косибаева Лейната №4 орта мектебі.

.«Мамандықты таңдау уақыты»    сайысында «Игілікті болашақ үшін...» номинациясы бойынша І орын –Эржанат Динара №25 орта мектебі,Ғабдуллина Айнара Абай атындағы №2 лицей,ІІ орын – Исмайлова Жаннұр №7 мектеп гимназиясы , ІІІ орын- Жаңабекова Айгерім №16 орта мектебі.

 «Мен мамандықтар әлемінде» сайысында  «Мен армандаған мамандық» номинациясы бойынша І орын- Рзаханов Нұрислам №24 орта мектебі, Асылханова Айзада Абай атындағы №2 лицей, ІІ орын – Бағдаулет Айгерім №2 мектеп интернаты, ІІІ орын – Мырзахан Әлихан №15 мектеп лицейі .

«Бұл - ғажайып мамандық әлемі» сайысында «Мамандық жетістік мерейі» номинациясы бойынша І орын – Мукарамова Гауһар №24 орта мектебі, ІІ орын – №17 орта мектебінің шығармашылық тобы , ІІІ орын Нұржанова Айзат №25 орта мектебі, Сатыбалды Ардақ №8 орта мектебінің оқушылары марапатталды.

Дата: 13.11.2015, 4:12 Автор: №24 мектеп-интернаты