«Алтын күз» ертеңгілігі

«Алтын күз» ертеңгілігі

Айбөбек шағын дамыту орталығында «Алтын күз» атты ертеңгілік өтті.Ертеңгіліктің мақсаты: Бүлдіршіндерді күз әлемінің байлықтарымен таныстыру, күзгі көкөністер мен жеміс-жидектерді ажырата білуге үйрету.Күз мезгілінің берекелі,мерекелі екенін ұғындыру.Табиғатты қорғай білуге тәірбиелеу.

Жүргізуші Рахымжанова Арай, күз ханшайымы Серикбекова Эльмира, жеміс ханшайымы Абдраш Нұрдана және барлығы ат салысып кештің мәнді өтуіне әсер етті. Балалар күз туралы өлеңдер, тақпақтар, айтып, би өнерінің әдемі үлгілерін  көрсетті. Бүлдіршіндер құлпынай, шие, алма,  жүзім, өрік, қарбыз бейнесін сомдай түсті.Жемістерін туралы жұмбақтар айтылып, оның шешуін шешті.

    Екі топқа бөлініп «Жемістерді терейік» ойынын ойнап бүлдіршіндер мәз  болысып ойынды қызықтай түсті. Күзгі жеміс, көкөністерден күздік жеміс дәндерінен көрме үйымдастырылған. Кештің соңында балаларға күздің сыйы ретінде әр балаға жеміс таратылып берілді. Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі Альмира Калкамановна өзінің  жылы лебіздерін  білдіріп, алғыс айтты. Ата-аналар да өз ризашылығын білдірді ертегілік көңілді өтті.

Дата: 9.11.2015, 8:14 Автор: №24 мектеп-интернаты