Жаяулар өтетін жол. Жолда жүру ережесі. (Сайыс сабақ) тақырыбынды ашық тәрбие сағаты

 Жаяулар өтетін жол. Жолда жүру ережесі. (Сайыс сабақ)  тақырыбынды ашық тәрбие сағаты

Қазанның 26 күні  Жалпы білім беретін   №24 орта мектебінің 1 «а» сыныбында Жаяулар өтетін жол. Жолда жүру ережесі. (Сайыс сабақ)  тақырыбынды ашық тәрбие сағаты өтті.  Әділ қазылар сайланып,тәрбие сағаты кезең- кезеңдермен жүргізілді. Балалар «Қызылдар», «Сарылар», «Жасылдар» болып топтарға бөлінді.Сайыс қызықтыда,көңілді өтті. Сабақта оқушылар бағдаршам туралы, жол белгілері, жаяулар өтетін жол, жол полициясы туралы  және жұмбақтар шешіп көптеген мағлұматтар алды. Көрініс көрсете отырып, жол ережесін мұқият есте сақтау керектігін ұқты.Сабағымыз «Реттеуші инспекторға емтихан тапсыру » мен жалғасып, ойын арқылы  оқушыларды қызықтыра түсті. Сабақ соңында оқушылар « Жаяу жүргіншілер өтпесі." (Бағдаршам белгілірі бойынша өту) тест тапсырды .    Әділ қазылар балалардың білімін бағалап,жеңіске жеткен топты анықтады. «Қызылдар» тобы жеңіске жетіп «Үздіктер тобы» номинациясымен марапатталды.

Дата: 2.11.2015, 8:30 Автор: №24 мектеп-интернаты