№24 орта мектебі бойынша Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

Іс – шараның мақсаты:

-         мұғалім мамандығына деген сый – құрмет; мектеп дәстүрлеріне;

-         барлық оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу;

-         тәртіптілікке баулу.

№24 орта мектебінде  жоспарға  сәйкес   мұғалімдер күнін тойлауға арналған іс-шаралар жоспары құрылды.

Мұғалімдер күні қарсаңында   «Мұғалім- ардақты есім» тақырыбында сынып сағаттары,    Мерекелік концертке мектебіміздің ардагер ұстаздарын шақырып, кәсіподақ атынан мектеп директоры шағын сыйлықтар таратты.

Педагогтарға деген құттықтау мен алғыстар жазылған мектеп парақша  мен газетін шығару  1-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды.

  Мектеп оқушылар мұғалімдерді  би билеп , кошемет көрсете отырып ,қарсы алды. 7А,7Б сынып оқушылары «Ұстаздық еткен жалықпас...» тақырыбында үгіт-насихат тобын құрып, мерекелік құттықтау дайындады. .7-9 сынып ұлдары сағат 07.30-да мектептің фойесінде    мерекелік кештің шақыру қағаздарын таратты.

    « Ұстаздар-  ұлылардың ұлысы...» тақырыбында өзін-өзі басқару, «Жасұлан» ұйымының белсенділері және мектеп оқушыларының күшімен  мерекелік концерт  өтті. Мерекелік концертте «Кәусар» кіші хоры, «Қызғалдақ» қыздар вокалы, «Самрұқ» КВН командасы, сондай-ақ 1А сынып оқушысы Байжанова Інжу т.б оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Концерттің соңында оқушылардың қолымен дайындалған естелік сыйлықтар таратылды.

Дата: 7.10.2015, 4:59 Автор: №24 мектеп-интернаты