№24 орта мектебі бойынша жүргізілген сенбілік жайлы ақпарат

    №24 орта мектебі бойынша жүргізілген сенбілік жайлы ақпарат

    №24 орта мектебінде 02.10 күні облыстық сенбілік өткізу ережесін таныстыру мақсатында сағат 12.00-де саптық жиын ұйымдастырылды. Саптық жиында  «Жасұлан» ұйымының белсенділер «Қаламның тазалығы менің қолымда» тақырыбында үгіт-насихат тобы  үндеу тастады. Тазарту жұмыстарына 5-9 сыныптар аралығында 115 оқушы, 20 мұғалім, 5 кіші қызметкерлер ат салысты.

5,6 сынып оқушылар мектептің алдыңғы  ауласындағы кепкен ағаш сынықтарын , шіріген арам шөптерді жұлды.7,8,9 сынып оқушылары мектептің аула сыртындағы аймақтарда тазарту жұмыстарын атқарды. Мектебіміздің ер мұғалімдері қоқыс жәшігінің айналасындағы жиналған қоқыстарды өрттеу жұмыстарымен айналысты.  

Дата: 5.10.2015, 6:02 Автор: №24 мектеп-интернаты