Балалар мен жасөспірімдерді интернеттің жағымсыз әсерінен қорғау мақсатында жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

Балалар мен жасөспірімдерді интернеттің жағымсыз әсерінен қорғау мақсатында жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебінде «Бала денсаулығы мен дамуына кері әсерін тигізетін ақпараттардан балаларды қорғау» заңын негізге ала отырып, балалар мен жасөспірімдерді интернеттің жағымсыз әсерінен қорғау мақсатында мектеп оқушылары және ата-аналар қауымымен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

  11.09.2015 жылы «Отбасының бала өміріндегі алатын рөлі» тақырыбында өткен жалпы ата-аналар жиналысында   директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі Н.С.Бекмағанбетова  ата-аналарды «Ата-ана бақылауы» атты қызметті қолданысқа еңгізу және қолдану бойынша ақпараттар  берді. Ата-аналарды балаларының ұялы телефонмен уақыттарын бос өткізетіндігі және қаншалықты телефонмен  ойнайтындығын қадағалау керектігін айта келе,     ата-аналарға баланы  қоршаған ортаға, баланың бейімдеріне, қызығып айналысатын істеріне үнемі көңіл аударып отыруға шақырып, . «Ата-аналық бақылау» қызмет көрсету желісі бар екенін айтты.  Қазіргі кезде Андройд телефондарында көптеген бағдарламалар ұсынылады. Сондай бағдарламалардың бірі MobileFence жүйесі. Бұл бағдарлама ата-аналарға қажет емес сайттарға блок қою  жолдарын үйретеді, баласының  телефонды  қанша уақыт қолданғанын және қай жерде болғандығын көрсетіні жайлы ақпараттандырды. Слайд фильм бойынша осы бақылауды қолдану жолдарын үйретіп, интернеттің бала денсаулығына келтірер зияны бойынша бейнеролик көрсетіп,  тақырып бойынша таратпа қағаздар таратты.

«Бала денсаулығы мен дамуына кері әсерін тигізетін ақпараттардан балаларды қорғау» заңының 4 бабы аясында сынып жетекшілер ата-аналар қауымына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тақырып бойынша таратпа қағаздар таратты. 24.09.2015 жылы «Ғаламтор бізге керек па?», «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.

Дата: 29.09.2015, 9:05 Автор: №24 мектеп-интернаты