№24 орта мектебі бойынша Қала күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша Қала күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

 

  Мақсаты:Өскелең ұрпақтың бойынан туған елге, жерге деген патриоттық сезімдерін  ояту, Қала күні мерейтойының өтуіне жасөспірімдерді тарту.

15.09 күні  «Мен сүйікті қаламды мақтан етем!» тақырыбында  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Бекітілген кесте бойынша 1-4 сынып оқушылары мектеп кітапханасында  қаламыздың шығу тарихы , бүгіні мен ертеңі жайлы бейнетаспа тамашалады.

  «Менің қалам –менің елім» тақырыбында фотоколлаж сайысы 1-9 сынып арасында өтті. Оқушылар белсене ат салысып, қаламыздың мақтан тұтар жерлерін фотоға түсіріп, қаламыздың туған күніне арналған фотоколлаждар жасады.

Болашақта Қазақстанның мәртебесін жоғары көтеретін бүгінгі ұрпақ - балаларға арналған «Балқаш- болашақ қаласы» атты ашық хат сайысы өтті.   5А сынып оқушысы Қазанғап Шынар  : «Мен осы суреттегідей ең әдемі, көрікті үйлерді біздің қаладан көргім келеді. Егер мен Балқаш әдеміленсе халық бай болады деп ойлаймын. Осындай әдемі үйлер Балқашта көп болуы керек. Себебі біздің қала, егемен елдің қаласы. Балқаш мәңгі гүлдене берсін, Отанымыздың келешегі дәстүрлі заман талабымен жалғаса берсін. Н.Ә.Назарбаев атамызға айтарым мұндай  зәулім үйлерді көп түрғызсын.  Бұдан да басқа көп үйлер, киіз үйлер тұрғызып Отанымызды, атамекенімізді көркейте берсін!»  деп ашық хатында өз ойын білдірген екен.

«Өткені сырлы-келешегі нұрлы Балқашым!» , «Нұрлы Балқаш- нұрлы өңір»тақырыбында 7-9 сыныптар арасында шығарма сайыс өтті.

 «Жеңісім саған - Балқашым!» деп аталатын спорттық блокта түрлі спорттық іс-шаралар, ойындар ұйымдастырылды.

  27.09 күні «А, ну-ка, ребята!» тақырыбында мұғалімдер мен оқушылар арасында  волейболдан  жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 8 мұғалім, 12 оқушы қатысып, тартысты ойын көрсетті.

27.09 күні «Люблю тебя- мой Балхаш» тақырыбында оқушылар, мұғалімдердің қатысуымен қала тұрғындарына арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Мерекелік концертте мектебіміздің директоры Қ.Ж.Ахметова құттықтау сөзбен ашып, қала тұрғындарына жүрек жарды тілегін білдірді. Қазақстан Республикасының білім саласының ардагері Н.И.Бахтина кешіміздің қонағы ретінде өз құттықтауын айтты.

Концерттік бағдарламада туған ел, қаламыз жайлы өлеңдер мен әндер айтылды.

Сонымен қатар, мектебіміздің 2Б сынып оқушысы Репченко Софья қалалық мұражайдың ұйымдастыруымен өткен жас суретшілер сайысында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Дата: 29.09.2015, 8:21 Автор: №24 мектеп-интернаты