24 орта мектебі бойынша «Денсаулық Фестивалі-2015» республикалық кең көлемді акция аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы ақпарат

24 орта мектебі бойынша   «Денсаулық Фестивалі-2015» республикалық кең көлемді акция аясында ұйымдастырылған  іс-шаралар жайлы ақпарат

24 орта мектебі бойынша   «Денсаулық Фестивалі-2015» республикалық кең көлемді акция аясында ұйымдастырылған  іс-шаралар жайлы ақпарат

    Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының  қымбаттылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстануға қалыптастыру. 

Ұраны:Мен салауатты өмірді қолдаймын!

 Мерекелік іс-шара  «Дені саудың-жаны сау» тақырыбындағы салтанатты жиыннан бастау алды. . Жиында мектебіміздің «Саламат» үгіт-насихат тобы өнерін көрсетті.Содан кейін 2-7 қыркүйек аралығында өтетін іс-шаралар жоспарымен мектеп оқушыларын таныстырып, белсене ат салысуға «Жасұлан» ұйымының белсенділері үндеу тастады. 2014-2015 оқу жылында спорт саласында жеңіске жеткен оқушыларымызды дипломдармен марапаттап, жеңістерімен мектеп директоры  құттықтады. 03.09 күні «Салауатты өмір салтын сақтаймыз!» тақырыбында 5-11 сынып арасында қабырға газеттері шығарылды. Қабырға газеттеріне төмендегідей талаптар қойылды:

- Атауы;

- ҚР-сының «Саламатты Қазақстан» бағдарламасынана құнды ақпарат;

- Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған суреттер;

- Оқушы шығармашылығы;

Талапқа сай орындаған 7Б, 8А сыныптары дипломмен марапатталды.

 04.09 күні «Жаттығудан бастасаң, мықты болар денсаулық» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

 8-9 сынып оқушыларымен дала жарысы ұйымдастырылды.5-10 сынып ұлдар арасында  футболдан, 5-11 сынып оқушыларымен 60м,100м аралығында жүгіруден жарыстар өтті.

05.09 күні мерекелік іс-шара      1- 11 сынып арасында  жаттығулар, би қозғалыстарын пайдалану арқылы  «Самал» би тобының   ұйымдастырған  «Билейміз, яғни өмір сүреміз!» тақырыбындағы флешмобтан басталды. Арнайы бекітілген жоспар бойынша 1-4 сыныптарда «Көңілді сөре» сайысы , 5-7 сынып арасында «Тапқырлар» этаптық сайысы, 8-9 сыныптарда баскетболдан жарыстар ұйымдастырылды. 

      

 

        

Дата: 5.09.2015, 10:16 Автор: №24 мектеп-интернаты