№24 орта мектебі бойынша 1 - қыркүйек білім күнінің өткізілуі туралы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша  1 - қыркүйек білім күнінің өткізілуі туралы ақпарат

Білім күнінің мақсаты:  «100 нақты қадам»   Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесінде Мәңгілік ел құндылықтарын еңгізу.

Бұл шараның негізгі мақсаты– білім алушыларға туған елінің тарихи-мәдени мұрасын және қазіргі жетістіктерін меңгеруге, балалар мен білім алушы жастарға өз елінің өркендеуіне үлесін қосуға көмектесу.

Білім күнінің дамытушылық және оқытушылық мақсаты-балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті ықпал ету.

Қазақстан Республикасы Конституциясының , Қазақстан халқы Асссамблеясының құрылуы туралы түсінік беру.

   Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, Елбасының саясатын насихаттау мақсатын жүзеге асыруда   жаңа оқу жылының  салтанатты жиыны сағат 10.00-де басталды.

Салтанатты жиынға  мектептің педагогикалық ұжымы, ата-аналар , оқушылар толығымен жиналды. Білім күніне арналған салтанатты жиын  «Менің Отаным-Қазақстан»   тақырыбында өтті. Мектеп  директоры құттықтай отырып, білім сапасын арттырудағы  игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін , шығармашылық табыстар тіледі. 

«Мәңгілік Ел – ел болашағы» үгіт-насихат тобы  өз сөздерінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан  Халқы Ассамблеясының 20 жылдығын,

Ұлы Отан соғысында  кеңес халқы жеңісінің 70 жылдығын және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмені арқау етті.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер тілектерін өлеңмен жеткізе отырып,  әдеби-шығармашылық қойылымның куәгері болды. 

Бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің Отаным- Қазақстан» кітабы  мектеп директорының жетекшілігімен сыйға тартылып,  «Мәңгілік Ел»эмблемасы көкке ұшырылды.

Бүгінгі жас буын үшін ең негізгі мәселе – білім сапасын арттыру, тәрбие тәлімін жетілдіру. Білім жастарды кемел келешекке жетелер болса, ұлттық тәрбие ұрпақ ертеңі болмақ. Сол білім саласына титтей де болса өз үлесін қосу үшін 2015-2016  оқу жылында мектебімізге   1  жас маман келді. Келген жас мамандарды кәсіподақ ұйымы құттықтады.

1-4 сынып арасында «Менің Отаным -Қазақстан»,   5-9 сынып арасында  «Ерлік, Ар-ождан, Әділеттілік» тақырыптарында   сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарына мектеп әкімшілігі, ардагер ұстаздар қатысты. 

Дата: 2.09.2015, 5:10 Автор: №24 мектеп-интернаты