№24 орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы ақпарат
№24 орта мектебінде тамыз айының 10-30 аралығында «Тәуелсіздікпен келген Конституция» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Ата Заңымыз жайлы толық ақпараттар берілген. «Ата заң тұрақтылығы-Қазақстан тұрақтылығы» тақырыбында мектеп фойесінде ақпараттық стенд жасалды. «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.Сурет көрмесіне 1-4 сынып оқушылары арасынан 8 оқушы ,5-9 сынып оқушыларының арасынан 12 оқушы қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, дипломмен марапатталды.4А,4Б сыныптарының арасында «30 тамыз –ҚР Конституция күні» тақырыбында ашық тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараға білім саласының ардагері Н.И Бахтина қонаққа келіп, тәуелсіздік жылдарындағы ел жетістіктері жайлы сөз етті. Оқушылар шараға белсене ат салысып, түрлі викториналық сұрақтарға жауап берді.Жасұлан ұйымының белсенділерінің ұйымдастыруымен «Ата Заң – бейбіт, еркін өмір бастауы» тақырыбында 6-9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Ата Заңда айқындалған заңдар аясында оқушылар арасында пікір талас болды. 1-4 сынып арасында «Елімнің елдігі- өз қолымда» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 10 оқушы қатысып, 7А сынып оқушысы Қайратов Алмас өзі шығарған өлең жолдарын оқып, көпшілікті өнерімен тәнті етті.
Дата: 2.09.2015, 5:06 Автор: №24 мектеп-интернаты