№24 орта мектебі бойынша «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» тақырыбында өткен мектеп бітірушілер кеші жайлы ақпарат.

№24 орта мектебі бойынша «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» тақырыбында өткен мектеп бітірушілер кеші жайлы ақпарат.

Мақсаты:Мектеп бітіруші түлектерге көңілді, қызықты мерекелік іс-шара ұйымдастыруға жағдай жасау.

    20 тамыз  күні еліміздің барлық білім ордаларында мектеп бітірушілер кеші өтті. Тағы бір соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады.

Бұл күн – мектеп бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт екені анық.Осындай балғын шаққа «қош» дегізіп, соңғы қоңырау сыңғыры қағылған өмірдің күмбіріндей мектеп бітіруші түлектерге ерекше әсер қалдыратын күн .

Мектеп бітірушілер  салтанатына мектеп ұжымы мен ата-аналары,қадірменді қонақтар қатысты.

 Әрқайсысының жанарында – жас, көңілдеріндегі – қимастық сезімі білініп-ақ тұрды. Бұл күні түлектер өздерінің 11 жыл тәлім терген тарыдай шәкірттен, таудай   азаматша болғандарын сезінгендей.

 Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Қ.Ж. Ахметова  алып, мектеп ұжымы мен оқушыларды құттықтап   түлектерге сәттілік тілеп, жоғарғы оқу орнына түсулеріне тілек білдірді.         

 Арнайы дайындалған әзірлемелік жоспар бойынша  аттестат, ҰБТ сертификаттарын тапсыру рәсімі өтті. Мұғалімдер , ата-аналар жүрек жарды тілектерін айтып, оқушыларға сәт-сапар , ақ жол тіледі.  

 Екінші бөлімде жоспар бойынша әр түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ойынға ата-аналар қауымы белсене ат салысты.

Аттестаттарды ұсыну  салтанаты барысында мектеп инспекторлары , педагогтар , қаламыздың ТЖБ қызметкерлерінен тұратын кезекшілік ұйымдастырылды.

Дәстүр бойынша мектеп бітіруші түлектер таңды қарсы алып, 04.00-де үйлеріне тарасты.

Дата: 22.07.2015, 16:56 Автор: №24 мектеп-интернаты