4 маусым «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ» күніне орай ұйымдастырылған «Рәміздерім-мақтанышым!» атты іс-шара бойынша ақпарат

4 маусым «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ» күніне орай ұйымдастырылған   «Рәміздерім-мақтанышым!» атты  іс-шара бойынша ақпарат

                       Жалпы білім беретін №24 орта мектебінде  4 маусым күні  «Балауса» мектеп  жанындағы жазғы демалыс лагерінде «Рәміздерім-мақтанышым!» атты кеш өтті.

    Кештің мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Осы кешке байланысты концерттік бағдарлама дайындалып,  ән, би, өлең тақпақтар айтылды, слайд көрсетілді.Бұл мерекенің жөні ерекше. Өйткені, әрбір азаматтың жүрегінде Отанына деген сүйіспеншілікті, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуда мемлекеттік рәміздердің маңызы аса зор екенін білді, Қазақстан Мемлекеттік Рәміздерінің тарихы туралы көп мағлұмат алды.

Кештің соңы ойынға ұласты. Балалар  «Қазына іздеу» ойынын ойнады. Қазынаны тез тауып әкелген балаларға сыйлықтар таратылды. Бұл кеш өте көңілді өтті.

Дата: 4.06.2015, 12:10 Автор: №24 мектеп-интернаты