Ақпарат
Жалпы білім беретін №24 орта мектебіндегі маусым айының 3 жұлдызында «Балауса» лагерінің жұмысы күндегідей қабылдаудан басталды. Таңертенгі жаттығу жасалып, таңғы ас ішілді.Оқушылар екі топқа бөлініп «Болашақ» тобы қаладағы «Өлкетану» мұражайына топ саяхатқа барды. Онда олар өздерінің туған өлкесі туралы,алғаш жануарлар, аңдар , құстардың түрлерімен, қазақ халқының жиһаз , киім-кешек түрлерімен танысты. Археология бөлімінен таныстырушы қызметкерлердің арқасында көп мәлімет алды. Ұлы Отан соғыс кезінде қолданған қару-жарақтармен және осы шыққан көптеген ардагерлермен танысып көптеген мағұлмат алды және «Өлкетану» қызметкерлері дайындаған қазақтың ұлттық ойындары туралы мағұлмат алып, ойындар ойнатты. Ойын өте қызықты өтті. Ал лагерде қалған «Балбөбек» тобымен жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.Кел балалар оқылық! « Жас оқырман », « Жас суретші » тақырыбында кітап оқып, суреттер салды. Балалардың дене қимылын арттыру мақсатында биден жарыс ұйымдастырылды. Бүгінгі күн балалар үшін өте көңілді өтті.Олар үйлеріне жақсы көңіл күймен қайтты.