Размер шрифта:

№24 мектебінде «Бірге – күштірек, сәттірек, бақыттырақ!» ата-аналарды және түлектерді ҰБТ-ға психологиялық дайындау бойынша тренингтік сабақ туралы ақпарат

№24 мектебінде «Бірге – күштірек, сәттірек, бақыттырақ!» ата-аналарды және түлектерді ҰБТ-ға психологиялық дайындау бойынша тренингтік сабақ туралы ақпарат

Тренинг - сабақтың мақсаты: ҰБТ сәтті тапсыруға кешенді ықпал етуді жүзеге асыру, ҰБТ-ға дайындық және тапсыру кезінде түлектерге, олардың ата-аналарына толыққанды психологиялық көмек көрсету.  №24 орта мектебінде 30.05.2015 жылы сағат 12.00-де «Бірге – күштірек, сәттірек, бақыттырақ!» ата-аналарды және түлектерді ҰБТ-ға психологиялық дайындау бойынша тренингтік сабақ өтті. 11  «А» сыныбында 4 оқушы оқиды.ҰБТ тапсырушы түлектер және ата – аналары  100 пайыз қатысты.

Тренинг – сабақ Қарағанды облысы бойынша өткізілетін әзірлеме бойынша жүргізілді.

Тренинг – сабақ барысында ҰБТ тапсырушы түлектерге және ата – аналарға «Төрт шам туралы аңыз – әңгіме», «Өзімен және басқалармен келісімде өмір сүру», «Бояулар туралы  аңыз - әңгіме» атты бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар қозғалыс координациясы арқылы сергіту, толеранттылық пен сезімталдық қасиеттерді дамыту, босаңсу және оптимизм мен өзіне сенімділікті арттыру, нығайту мақсатында, әркімнің өз орыны бар екендігін және ұйымшыл бірліктің маңыздылығын көрсету, өткізілген сабақ туралы топ қатысушыларынан кері байланыс алу мақсатында жаттығулар жүргізілді.

ҰБТ сәтті тапсыру үшін орындауға ұсынылатын ата-аналарға және түлектерге арналған жадынамалар таратылды Ересектер ата-аналарға арналған, ал балалар – түлектерге арналған жадынамалармен танысты. Сабақ соңында «Рефлексия» жаттығуы жүргізіліп, ата – аналардың және түлектердің сабақ барысында алған әсерлерімен бөлісе отырып бір – біріне тілектерін жолдады.

Дата: 30.05.2015, 9:59 Автор: №24 мектеп-интернаты