№24 орта мектебінде өткен «Соңғы қоңырау» мерекесі туралы ақпарат

  №24 орта мектебінде өткен  «Соңғы қоңырау» мерекесі туралы ақпарат

Қызығы мен думаны мол, әр жылы қайталанбас оқиғаларға толы оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектеп мерекесі –«Соңғы  қоңырау» Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін №24 орта мектепте ерекше салтанатпен аталып өтілді. Кеше ғана тұлымдары желбіреген,  жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздардың ойы толысып, бойы өсіп алтын ұя мектебімен қимай қоштасқалы тұр. Бұл күн мектеп бітіруші түлектер жүрегінде мәңгілік сақталары анық. Барлықтарының жүзінен қуаныш пен қимастықтың табы байқалады.

 «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау!»атты мерекелік іс – шараға мекетібіміздің 11 «а» сынып түлектері және 9 «а,б» сыныптарының оқушылары қатысты. Мерекелік іс - шара  қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жумабекова  Асем Мұратқызы өз оқушыларымен бірге дайындаған «Ай мен жұлдыздардың мектеп бітірушілеріне арнаған жұлдыз жорамалдарынан»  басталды. Жұлдыз жорамалдан кейін мектеп директоры Ахметова Қ.Ж. мек­­теп ұжымы мен ата-ана­ларды, оқушылар­ды және оқу орнынан қанат қағып ұш­­қалы тұр­ған түлектерді шын жүректен құттықтап, ата - баба­­ла­рымыз арман еткен Мәңгі­лік Ел­дің болашақ иелері бо­лып табылатын жас ұр­паққа, түлектерге сәт - сапар тіледі. Сонымен қатар осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерін атап айтып өтті.  Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясының кәсіподақ төрағасы Қуанышбеков Амандық Қасымханұлы   11 сынып түлектеріне   өз лебізін білдірді. Биылғы жылы мектеп табалдырығын алғашқы рет аттаған 1 сынып оқушылары мектеп бітіруші  аға – әпкелеріне өздерінің жүректен шыққан ақ тілектерін өлең шумақтарымен жеткізді және 11 сынып түлектері жауап ретінде өз сыйлықтарын ұсынды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын мектеп табалдырығын аттағанда қолдарына қалам ұстатып, әліппе оқытқан алғашқы ұстаздары  Жунусова

Айнур Нурымхановна, Абрамова Татьяна Александровна, Нөкербекова Раушан Какешовна да жүрекжарды лебіздерін білдірді. Түлектерін қимастықпен шығарып салып тұрған сынып жетекшілері де құттықтап өздерінің ақ тілектерін ұсынды.

 Мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындатқан пән мұғалімдеріне мектеп бітіруші түлектер қи­мас­тық­қа және ал­­ғысқа толы ле­­біздерін біл­діріп,  алғыстарын айта отырып әр біріне раушан гүлін сыйға тартты. Одан кейін 11 сынып оқушылары ізбасар   сынып оқушыларына Алтын ұя мектептерін аманаттап табыстады.    Түлектер жү­рек түк­пі­­рі­нен шыққан жалынды өлең жолдарын, өздерінің ән – шашуларын және билерін ұстаздарға, ата – аналарға, келген қонақтарға тарту етіп, көп­ші­лік­тің көңілін елжіретіп жібергендей бол­ды. Мерекелік іс – шараның соңында мектеп бітіруші түлектерге ақ жол, сәт сапар тілегі іспетті «Шар шашуы» шашылды. 

Дата: 25.05.2015, 10:17 Автор: №24 мектеп-интернаты