№24 орта мектебі бойынша «Қауіпсіз жаз» кең көлемді облыстық акция аясында өткізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша   «Қауіпсіз жаз»  кең көлемді облыстық акция  аясында өткізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

        №24 орта  мектебінде 23.05 күні   «Қауіпсіз жаз» кең көлемді облыстық акция  аясында  «Жазғы демалыс  кезіндегі балалар өмірінің қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналар, оқушылар және ұстаздар қауымымен ТЖ инспекторлары , Су қорғау бекетінің мамандарымен бірлескен ата-аналарға оқыту сабағы  ұйымдастырылды.

 Оқыту сабағында    су қорғау станциясының  қызметкері медбике Б.Абжанова «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында баяндама жасап, қалада болған төтенше жағдайлар бойынша мысалдар келтіріп, «Жазғы демалыс  кезіндегі балалар өмірінің қауіпсіздігі» атты бейнефильм көрсетті.   

  Төтенше жағдайлардың алдын алу тобының   мамандары  арнайы жасақталған автобуспен келіп, бастауыш сынып оқушыларын , ата-аналар қауымын  апаттық жағдай болғанда қолданылатын құрал-жабдықтармен таныстырды.

Жаз кезеңінде сақтандыру-профилактикалық жұмыс жүргізу  және ТЖ алдын алу мақсатында  ата-аналарды нұскаулықпен таныстырып, тақырып бойынша дайындалған таратпа қағаздар таратылды. 

Дата: 25.05.2015, 9:49 Автор: №24 мектеп-интернаты