№24 орта мектебінде «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында өткізілген АТА-АНАЛАР конференциясы жайлы ақпарат.

№24 орта мектебінде «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету»  тақырыбында өткізілген   АТА-АНАЛАР  конференциясы жайлы ақпарат.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: ҰБТ барысында мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына психологиялық , эмоционалдық көмек көрсету.

№24 орта мектебінде 16.05.2015 жылы сағат 10.00-де  «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету»  тақырыбында   АТА-АНАЛАР  конференциясы өткізілді. ҰБТ тапсырушы түлектердің ата-аналары 100 пайыз қатысты.

  Мектеп директоры  Қ.Ж.Ахметова    ата-аналарды құттықтап, аталмыш іс-шараның маңыздылығы туралы айтып, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Балықбаев Тахир Оспанұлының атынан құттықтау сөзді оқыды. Бұл бағдарламаны ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Астана қаласындағы Отбасылық Тәрбиелеу Институты жүргізіліп отырғандығын атап айтты. 

Мектеп психологтары А.Қ.Мусина, Г.М.Құлымжанова Отбасылық Тәрбиелеу Институты дайындаған әзірлеме бойынша конференцияны жүргізді.

ҰБТ-дің басты идеясы – мектеп бітіру мен ЖОО түсу емтихандарын біріктіру, осылайша, жасөспірімді екі рет: алдымен – мектептегі бітіру емтихандарын тапсыру кезіндегі, ал содан кейін, ЖОО түсу емтихандарын тапсыру кезіндегі уайымдардан арылту болатын.

Конференция барысында мектеп психологтары  «Менің әкем» бейнеклипін , «АНА» бейнекөріністік ғибратын, «Түлектердің ҰБТ-ге деген көзқарасы» бейнефильмі көрсетілді.

  Жасөспірімдің  ҰБТ  дайындығы кезеңінде ата-аналардың мінез-құлықтарына қатысты ата-аналарға арналған негізгі психологиялық кеңестер келтірілген слайд-фильмдер ұсынылды.

Ата-аналарды психологтар, дәрігерлер мен ұстаздар баланың денсаулығына қамқорлық жасап, әр ата-ана ұстануы тиіс, өте маңызды ережелермен таныстырды.

Жасөспірімдерді қолдаудағы ата-аналар стратегиялары туралы сөз козғалды.

Сонымен қатар,    Отбасылық Тәрбиелеу Институты әзірлеген АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМАЛАР таратылды. 

Дата: 16.05.2015, 7:56 Автор: №24 мектеп-интернаты