«Мәртебесі асқақтаған – Қазақстан» тақырыбында өткізілген сынып сағаты бойынша АҚПАРАТ

«Мәртебесі асқақтаған – Қазақстан» тақырыбында өткізілген сынып сағаты бойынша АҚПАРАТ

Мамырдың 13 жұлдызында №24 орта мектебінің 3 «Ә» сыныбында «Мәртебесі асқақтаған – Қазақстан» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекші – Шубаева Жанель Жанаткызы. Сынып сағатының мақсаты: 2015 жылғы атаулы мерекелер, яғни «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» және «Қазақстан халықтар Ассамблеясының 20 жылдығы» аясында өткізілген сынып сағаттар мен тәрбиелік шараларды қорытындылау. Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, туған елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.  Сынып сағатында «Жас Қыран» ұйымының белсенділері: Сегизбаев Ансар, Орынтай Нұрали, Канымжанов Абзал, Наймантаев Асылмұрат  және Шалдыбеков Айбол үгіт-насихат тобын құрып, өнер көрсетті.  Сонымен қатар, мектепшілік мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы Кажиев Агынтай «Ата Заң» өлеңін оқыды. Оқушылар ән салып, сахналық қойылымдар көрсетті.  Соңында оқушылар бейбіт құсы – көгершіндерді аспанға ұшырды. Бұл іс-шара әр оқушының жүрегінде туған еліне, Отанына деген үлкен махаббатын оятты.

Дата: 16.05.2015, 5:48 Автор: №24 мектеп-интернаты