1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

 

Сәуір айының 30 жұлдызында №24 орта мектебінде 1 мамыр – Қазақстан халқы достығы мерекесіне орай бастауыш сыныптары арасында  салтанатты жиын өткізілді. Жиында мектеп оқушыларын мерекелерімен құттықтап, 1 сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымына қабылданды. Оқушылар  мектеп ұстаздары мен оқушыларының алдында өз анттарын берді.  Мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Асылбекова Мереке Серікқызы «Жас Қыран» ұйымына өткен оқушыларды құттықтап, өз ізгі тілегін білдірді. Оқушылардың төс белгілері мен галстуктарын  байлау рәсімі мектеп ұстаздарына берілді. Салтанатты жиын «Жас Ұлан» Гимнін орындаумен аяқталды.

Дата: 2.05.2015, 7:04 Автор: №24 мектеп-интернаты