№24 орта мектебінде өткен тыл ардагерлерін марапаттау шаралары туралы ақпарат
2015 жылдың сәуірдің 29 –шы жұлдызында №24 орта мектебінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мерекелік салтанатты жиын өтті. Жиында мектебіміздің директоры Қ.Ж.Ахметова тыл ардагерлерін айтулы мерекелерімен құттықтап,барлық жақсылықтармен, ұзақ ғұмыр тіледі. Қалалық маслихат депутаты Б.А.Сейсембеков құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Президентінің 2015 жылдың 19 қаңтарындығы №922 жарлығы бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай тыл еңбек ардагерлеріне мерейтойлық төс белгілер тапсырды. Сонымен қоса қалалық әкімшіліктен келген жер бөлімінің басшысы С.Б.Садуақасовта ардагерлерге деген жылы лебізін білдірді.
Кеш соңында оқушылар өздерінің қолдарынан дайындаған сыйлықтарын тарту етіп, әннен шашу шашты.
Дата: 29.04.2015, 8:30 Автор: №24 мектеп-интернаты