Мектебімізде 9 сыныптарда мамандық таңдау мақсатында профориентация жұмысы жүргізілуде.

Сәуір айының 10 күні қаламыздағы Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы – техникалық колледжіне директор Е.Мәлікұлының қатысумен ашық есік күні өтті. Мектебіміздің 9 сынып оқушылары өздерінекерек ақпараттар алды. 9 сынып базасында күндізгі және сырттай бөлімдерінде оқитын мамандықтармен танысты. Сонымен қатар колледж директоры өз оқу материалдық базасы жайлы жалпы мағлұматтар берді. Колледж мұғалімдері 9 сынып бітіруші түлектерге арналған жадынамалар таратты.Сонымен қоса сәуір айының 11 күні Балқаш қалалық көпсалалы колледжінде 9 сыныптарға арналған олимпиада өтті. Ақпарат көзінің дамыған заманында олимпиаданы компьютермен тапсырды қорытындысы тез арада дайын болып, 9 «Б» сынып оқушысы Жомартқызы Аяулым 50 пайыз жеңілдік сертификатын  ұтып алды .Қалған оқушылар колледжге емтихансыз түсуге сертификаттармен марапатталды.

Дата: 14.04.2015, 10:50 Автор: №24 мектеп-интернаты