«Туған қалама – 77 жыл»

«Туған қалама – 77 жыл»

Сәуір айының 11 жұлдызында Балқаш бекетінде қала күні аталып өтілді.  Қала күніне байланысты әр түрлі іс-шаралар жүргізілді. Қаламыздың мерейтойына арналған мереке «Туған қалама – 77 жыл» атты салтанатты жиыннан басталды. Мерекелік іс – шаралар әрі қарай  «Сүйікті қалам» атты 1 – 11 сынып оқушыларының және мектеп мұғалімдерінің  қатысуымен өткен флешмобпен жалғасын тапты.    Сонымен қатар мектептің алдында бастауыш сынып оқушылары арасында «Балқашым – бағым» тақырыбында асфальтқа сурет салудан конкурс өтті. Оқушылар өздерінің туған қаласына деген ыстық махаббаттарын әр түрлі тақырыпта салынған түрлі – түсті суреттері арқылы көрсете білді. «Жеңісім қалама арналады» атты 7 – 9 сынып аралығында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ұйымдастырған «Футболдан» жарыс өтті. Жеңген командалар мақтау қағаздарымен марапатталып, мерекелік іс – шаралар өз мәресіне жетті.

Дата: 13.04.2015, 9:09 Автор: №24 мектеп-интернаты