Қош келдің, Әз наурыз!

Қош келдің, Әз наурыз!

         2015 жылдың наурыз айының 20 күні  «Айбөбек» шағын дамыту орталығында 22 наурыз-Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, Әз наурыз!» атты ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілік ата-аналар мен балабақша ұжымының қатысуымен өтті. Билеген «Көбелектер», «Батырлар» билері өте орынды және үлкен шеберлікпен сүйемелденді. Ұл балалармен қазақтың ұлттық «Асық», «Арқан тартыс» ойындары өте қызықты ойналды. Балалар «Наурыз», «... әндерін орындады.Қазақтың салт-дәстүрлері «Ат қою», «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу» ата-аналар көмегімен көрініс қойылып көрсетілді. Мерекелік кеш соңында мектеп директоры Ахметова Қ.Ж. құттықтау сөз сөйледі. Әр топта ауыл болып дастархан жайылды. Ата-аналар ауыл ауылды аралап дәм татты.

Дата: 27.03.2015, 10:02 Автор: №24 мектеп-интернаты