Айналайын ақ анам
2015 жылдың наурыз айының 5 күні «Айбөбек» шағын дамыту орталығындакөктемнің ең шуақты мерекесі аналар мерекесіне арналған «Айналайын ақ анам» атты ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілік ата-аналар мен балабақша ұжымының қатысуымен өтті. Билеген «Ана жүрегі», «Жылайды жапырақ», «Чунга-чанга»билері өте орынды және үлкен шеберлікпен сүйемелденді. Ұлдармен «Анама арналған үстел», қыздармен «Менің қуыршағым» ойындары өте қызықты ойналды. Балалар «Ақ мамам», «Әже ертегісі», «Балапан», «Анашым» әндерін орындады.Аналарына деген ыстық сезімдерін білдіріп, мейірімге, жылы сөзге толы өлең жолдарын арнады. Бүлдіршідердің қатысуымен түсірілген бейнефильм көрсетілді. Мерекелік кеш соңында әр бала өзінің анасына деп арнап, өз қолымен жасаған сыйлықтарын ұсынып ана қуанышына бөленді.