«Кітап оқитын адам-табысты адам»

«Кітап оқитын адам-табысты адам»

2015 жылдың қаңтар айының 16 күні  кітапханашы Дуйсенбекова Р.С. ұйымдастыруымен «Кітап оқитын адам-табысты адам» тақырыбында мектепішілік 1-11 сыныптар арасында жас ерекшеліктеріне байланысты үш кезеңнен тұратын байқау өтті.

Мақсаты.Оқушылардың бос уақытын  тиімді пайдаланып, кітап оқуға дәріптеу. Кітап оқу адамның рухани өміріне мәңгілік азық екенін насихаттау. Ақпараттық  құрал  ретінде кітапханаларға назар аударту. Балаларды  өзіндік әдеби шығармашылыққа  баулу.    

Мектепішілік байқаудың 1 орын иегерлері  4 «А» сынып оқушысы Қазанғапова Шынар, 8 «А» сынып оқушысы Рзаханов Нұрислам, 6 «Б» сынып оқушысы Гюль Зарина қалалық байқауға қатысуға жолдама алды.

Байқауға оқушылар бар ынта –жігерімен қатысып тартымды , қызықты өтті.

Дата: 19.01.2015, 8:44 Автор: №24 мектеп-интернаты