№24 орта мектебі бойынша қысқы демалыс кезіне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат 2014-2015 оқу жылы

№24 орта мектебі бойынша қысқы демалыс кезіне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат 2014-2015 оқу жылы

  Мақсаты:Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақ бойына Отанға, халқына, ұлттар достығына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру. Әр түрлі өнер түріне балалардың ынтасын ояту және бос уақытын шығармашылықтың көркем түріне арнаған жеткіншектердің талабын оятып, таланттарға дем беру. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын орындау барысында спорттық , танымдық іс-шаралар ұйымдастыру.

30.01.2014 жылы 1-11 сынып арасында «Жаңа жыл ғажайыптары» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.  Сурет көрмесіне 1-11 сынып арасынан 30 оқушы қатысып, қысқы табиғатты аса шеберлікпен бейнелеп, жеке шығармашылық көрмелерін ұйымдастырды.

«Сүйікті кітап беттерінен» тақырыбында 1-4 сынып арасында мектеп кітапханашысы Р.С.Дүйсенбекова танымдық оқыту сабағын өткізді. Әр сыныптан 2 оқушы қатысып, мүдірмей оқудан сайыс ұйымдастырды.

Ерте жастан ағылшын тілін оқыту, білімдерін жетілдіру  мақсатында 1 сынып оқушыларымен ағылшын тілінің мұғалімі А.Қ.Абдуллаева «Путешествие в мир английского» танымдық сабағын өткізді. 1 сынып оқушылары аса қызығушылықпен сабаққа ат салысып, диалогтық қойылымдар қойды.

02.01.2014 жылы   3А,4А сынып оқушылары «Жаңа жылдың ғажайып шамдары» тақырыбында қолөнер бұйымдарын жасады.

  

Оқушылардың денсаулығын шыңдау  мақсатында    1-4 сынып оқушыларымен мұз қалашығын жасау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар қызығушылықпен белсене қатысып, «айдаһар» , «тышқан» , «тасбақа» бейнелерін қардан жасады. Сонымен қатар, бекетіміздегі мұз айдынында коньки теуіп, қызықты ойындар ұйымдастырды.

  \

1-6  сыныптар  арасында  «Қыс мезгілінде төтенше жағдайдарды алдын алу шаралары  » тақырыбында әңгімелесу сабақтары  өтті.     Мектеп медбикесі  А.К.Бажбенова    «Төтенше жағдайлардың алдын алу  және олардан қорғану шаралары » бойынша ақпараттар берді. Медбике  тақырып бойынша слайд фильм көрсетіп, оқушыларға таратпа қағаздар таратты. Қыс кезеңінде сақтандыру-профилактикалық жұмыс жүргізуге және ТЖ алдын алу мақсатында халықты жаппай қамтуға құтқарушылар барлық бұқаралық ақпарат құралдарының  мүмкіндіктерін пайдаланатындығы жайында  хабардар етеді.Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды. Кездесуден  алынған білімдер қиыншылықтармен күресуде маңызды жәрдем болатынына, өз күшіне өзі сенушілігін арттырып, көмектесетініне үміттенеміз.

  

 Қысқы каникул барысында  жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты  алдан-алу мақсатында профилақтикалық рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты: жасөспірімдердің арасында алкогольдік және темекі сатылу дәлелі болды ма, түнгі мезгілде жасөспірімдірдің заңды өкілдерінсіз жүруі, сабаққа себепсіз келмеуіне байланысты мақсатта жүргізілді.Бұл іс-шараға мектептің 10 мұғалімдері  бекітілген балалардың мекен-жайы бойынша рейд жұмысын жүргізді.

 Мектепішілік есептегі тұрған Косыбаев Михаил 9Б сыныбы, Шахов Мейрамбек 7Б сыныбы, Рахымжанов Манат 8А сыныбы, Балакин Влас 4Б сынып оқушылараның үйлеріне міндетті түрде рейд жүргізіліп, ата-аналарымен әңгіме жүргізіліп, жауапкершіліктері туралы ескертіліп, кеңестер берілді.

Ата-аналарға рейдтің мақсатымен таныстыра отырып, кешкі мезгілде оқушыларды ата-анасының қарауынсыз ешқайда жібермеу, әкелерінің жұмсауымен дүкендерден темекі бұйымдарын алуға тыйым салу туралы әңгіме, түсінік жүргізілді. Кешкі және түнгі мезгілдерде рейдке жауапты мұғалімдердің айтуы бойынша ата-анасыз бос жүрген оқушылар болмаған.

Рейд бойынша барлығы 20 пәтерді аралау жұмысы жүргізілді.

 

Қаламызда   «Астана» аллеясындағы спорттық инвентарьларға , электрондық сағат ескерткішіне 1-6 сынып оқушылары саяхат жасады.

  

Сонымен қатар «Мысшылар» стадионына барып, коньки теуіп, спорттық ойындар ойнады. 08.01 күні 5-9  сынып оқушылары Балқаш бекетдегі мүз айдынында «Мұз қалашығына саяхат» тақырыбында   спорттық іс-шара өтті. Іс –шараның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа , дәлдікке баулу, денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Арнайы әзірлеме бойынша ұйымдастырылған іс-шара қызықты  өтті. 

  

 Жаңа жыл - жаңа үміттер мен жақсы бастамалар. Жаңа жылға жақсы ниетпен аяқ басады. Ал, сол жаңа жылдық тағы бір кеш  08.01.2015 жылы №24 орта мектебінде  республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында   аз қамтылған ,көп балалы,  қамқоршысының қарамағында тәрбиеленетін , үйде оқытылатын оқушыларға арналған жаңа жылдық іс-шара  ұйымдастырылды.   Іс-шараға 25 оқушы қатысып, жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаражатқа  50 оқушыға  оқу құралдар алынып, сыйға тартылды.   Сонымен қатар, Локомотив пайдалану депосының басшысы Дулат Тлегенұлы Ахмадиев  шефтік көмек көрсету мақсатында 25 оқушыға тәтті сыйлықтар таратты.   Жас бүлдіршіндеріміз  Аяз ата және Ақшақармен, сонымен қоса ертегі кейіпкерлерімен көз жауын алатын қызылды-жасылды безендірілген жасыл шыршаны айналып би билеп ән шырқады.Өздерінің бала көңілдерінен шыққан өлеңдерін оқып сыйлықтарға ие болды. Кеш соңында мектеп директоры Қ.Ж. Ахметова жүрекжарды тілегін айтты.

    

  

Дата: 9.01.2015, 5:07 Автор: №24 мектеп-интернаты