Қалалық «Айгөлек» ән-би байқауы

Қалалық «Айгөлек» ән-би байқауы

Оқушылардың эстетикалық-көркем талғамдарын қалыптастырып, шығармашылық дамуын  бағыттау  , дарынды балаларды анықтау, қатысушылардың кәсіби  шеберліктерін шыңдап жаңа шығармашылықпен жұмыс жасауға жұмылдыру   мақсатында  қалалық «Айгөлек» ән-би байқауы жоспар бойынша 26 желтоқсан күні №7 С.Сейфуллин атындағы мектеп – гимназиясында өтті. Байқауға қала мектептерінен «Бүлдіршіндер» номинациясынан - 10 , «Жасөспірімдер әні» номинациясынан  -11, «Жас талант» номинациясы бойынша - 6 оқушы, «Жасөспірімдер биі» номинациясы бойынша -10 би топтары өнер көрсетті. Әділқазылар  алқасының  шешімі бойынша топ жарған жеңімпаздар  анықталды.  «Бүлдіршіндер» номинациясы бойынша бас жүлде - №16 орта мектебінің оқушысы  Жәнібек Айша, 1 орын - №24 орта мектебінің оқушысы Орал Ажар, 2 орын - №17 орта мектебінің оқушысы Жасымбекова Еркежан, 3 орын - №7 С.Сейфуллин атындағы мектеп-  гимназиясының   Айдос Айзереге бұйырды.  10-14 жас аралығындағы эстрада вокалы «Жасөспірімдер әні» номинациясы бойынша  бас ж үлдені №15 мектеп –лицейінің оқушысы  Ұзақбай Балғын , 1 орынды  №2 Абай атындағы лицей оқушысы  Абеуов Дидар , 2 орынды №2 мектеп – интернатының оқушысы Зарубек Жибек , 3 орынды №8 орта мектебінің оқушысы  Садыкова Гулшара иеленді. «Жас таланттар» номинациясы бойынша өткен вокалдық сайысқа түскен оқушылар арасында бас жүлдемен  №15 мектеп –лицейінің вокалдық тобы,  1 орынмен №5 орта мектебінің  дуэті, 2 орынмен №2 Абай атындағы лицейдің «Айналайын» вокалдық тобы , 3 орынмен №2 мектеп интернатының «Жігер» вокалдық тобы марапатталды.  Мың бұралған бишілер арасындағы сайыста «Жасөспірімдер би» номинациясының жүлдегерлері  де анықталды.Бас жүлдені   №2 мектеп интернаты, 1 орынды  №9 орта мектебі бишілері , 2 орынды №2 Абай атындағы лицейдің «Сымбат» би тобы , 3 орынды №5 орта мектебі  «Нұр» би тобы қанжылады. Ән мен биден өнер жарыстырған өнерпаздар бұл сайыстан үлкен әсер алды. Қалалық іс-шараны ұйымдастырған «Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» , «Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі» КММ,  «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ .

Дата: 7.01.2015, 17:01 Автор: №24 мектеп-интернаты