Жасыл шырша жанында

Жасыл шырша жанында

«Айбөбек» шағын дамыту орталығында 25.12.2015 күні Жаңа жылға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік өтті.

Ертеңгілікке ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер қатысты. Жаңа жыл кейіпкерлері Аяз ата, Ақшақар, Жылқы жылы, Қой жылы қуанышпен қарсы алды. Балалар Жаңа жыл туралы тақпақ, өлеңдер айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Көрермендер балалардың өнеріне риза болды. «Балдырған» тобының балалары «Қояндар» биін өте тамаша биледі. «Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекесі өте қызықты өтті. 

Дата: 25.12.2014, 10:55 Автор: №24 мектеп-интернаты