№24 орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігікүніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат
Мақсаты:Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
«Қазақстан-2050», «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» тақырыбында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа жолдауын талқылау мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын білдіріп, елбасымыздың салиқалы саясатын , болашаққа көзделген, негізделген стратегиялық жоспарларын ортаға салып, өз ойларын ашық білдірді. Барлығы іс-шараға 20 оқушы қатысты.
«Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында эссе жазудан сайыс ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысып, сыныптар арасында 2Б сынып Пономаренко Глеб, 3Б сынып Шапавалова Екатерина , 4А сынып Абдикошева Диананың жазған эсселері үздік деп танылды.
«Бас бақытым – тәуелсіздік алған күн» тақырыбында мектеп кітапханашысы Р.С.Дүйсенбекова кітап көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар құрылған кесте бойынша кітапханаға барды.
«Алтын Анам-Отаным, сенен аяр жаным жоқ» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әр сынып оқушыларының қолымен жасалған бұйымдар қойылды.
13.12. күні «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұғым» тақырыбында желтоқсан оқиғасы қатысқан мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Г.К.Жензаковамен кездесу өтті.Кездесуді ұйымдастырған мектеп психологі Г.М.Құлымжанова және мұрагер ұйымының белсенділері Қабдыр Перизат, Рзаханова Мира , барлығы іс-шараға 17 оқушы ат салысты.
«Біз болашақ елдің қорғаны» атты 5-9 сынып арасында «Жасұлан »әскери –спорттық сайыс өтті. Сайысқа әр сыныптан 3 ұл,2 қыз бала қатысты. Сайыстың шарты бойынша мылтық ату, торға доп тастау, скакалкамен секіру, гир көтеру, жерге жатып дене көтеру, керме тарту сияқты жарыс түрлері өтті. Сайыс өте тартысты өтті.
10.12 күні «Жасұлан» БЖҰ салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиында «Тәуелсіздік –елімнің шамшырағы» тақырыбында мектебіміздің «Самрұқ» үгіт-насихат тобы өз үндеулерін айтса, 5 А сынып оқушылары «Жасұлан» ұйымына қабылданды. Салтанатты жиында география пәнінің мұғалімі Б.Е.Садуов құттықтау сөз айтып, өскелең ұрпаққа Елбасының жолдауын , еліміздегі жаңалықтар мен өзгерістерге қосар үлесімізді сөз етті. «Жасқыран» ұйымының мүшелері 3А,2А сынып оқушылары «Болашағы елімнің» әнін айтып, «Жасұлан» ұйымына қабылданған 5 А сынып оқушыларын құттықтады.
13.12 күні «Нұрлы Отаным-Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Сайысқа 22 оқушы қатысты. Сайыста 5-11 сынып арасында Бас жүлдені 7А сынып оқушысы Насурладина Сабина және 6А сынып оқушысы Қайратов Алмас, 1 орынды 5А сынып оқушысы Көмек Аяжан , 2 орынды 7Б сынып оқушысы Глазков Кирилл, 3 орынды 8А сынып оқушысы Рзаханов Нурислам иеленсе, бастауыш сыныптар арасында 1 орын 1Б сынып оқушысы Катешева А, 2 орынды 3Ә сынып оқушылары, 2А сынып оқушысы Қоңыр Аяулым иеленді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған қалалық деңгейдегі іс-шараларға мектеп оқушылары мен мұғалімдері белсенді ат салысу . 8 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында мектеп қоржынына бірнеше жеңіс жүлдесі түсті. «Жеңістің туын желбіреткендер» тақырыбындағы «Білгірлер мен білгіштер» сайысына қатысқан мектебіміздің «Алау» тобы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Топта өз білімдерін сынаған оқушылар 7А сынып оқушылары С.Насурладина, А.Бейсекеев, 6А сынып оқушысы Н.Байманкулова. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған орыс және аралас мектептер арасындағы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық байқауының жеңімпазы мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі М.С. Асылбекова атанды. Қалалық деңгейде өткен «Шеберлік - сынып» тақырыбындағы қолөнершілердің көрмесінде мектеп оқушыларының қолөнер туындылары жасалу технологиясы тұрғысынан ерекшеленіп, мадақтамамен марапатталды. Сонымен қатар, БАҚ мектеп оқушыларының мақалалары жарық көрді. Атап айтсақ , «Мәңгілік елдің тәуелсіздігі- мәңгілік» тақырыбында 11А сынып оқушысы Қуанышбекова Алтынайдың, «Рухани тәрбие беру мақсатында » тақырыбында «Мұрагер» ұйымының мүшесі Қабдыр Перизаттың мақалалары жарық көрді.