«Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық байқау

«Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық  байқау

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған қалалық деңгейдегі іс-шараларға  мектеп оқушылары мен мұғалімдері белсенді ат салысуда .  8 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында  мектеп қоржынына бірнеше жеңіс жүлдесі түсті. «Жеңістің туын желбіреткендер» тақырыбындағы  «Білгірлер мен білгіштер» сайысына қатысқан  мектебіміздің  «Алау»  тобы  І дәрежелі дипломмен марапатталды. Топта өз білімдерін сынаған оқушылар  7А сынып оқушылары С.Насурладина, А.Бейсекеев, 6А сынып оқушысы  Н.Байманкулова. «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған орыс және аралас мектептер арасындағы  «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық  байқауының жеңімпазы  мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі  М.С. Асылбекова  атанды. Қалалық деңгейде  өткен  «Шеберлік - сынып» тақырыбындағы   қолөнершілердің  көрмесінде  мектеп  оқушыларының қолөнер  туындылары жасалу технологиясы тұрғысынан ерекшеленіп,  мадақтамамен марапатталды.

Дата: 14.12.2014, 8:06 Автор: №24 мектеп-интернаты