№24 орта мектебінде «Толеранттылық мәдениетін дамыту» тақырыбында қоғамдық келісім, этносаралық толеранттылық тәрбиесін қалыптастыруға арналған іс-шаралар жайлы ақпарат
2014 жылдың 3 желтоқсан күні Балқаш қаласындағы №24 орта мектебінде дінтану пәнінің мұғалімі Шолакова Л.Б-ның ұйымдастыруымен «Жастарға рухани тәрбие беру және дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге жергілікті Балқаш бекетінің мешітінің иманы Медет қажы және мектеп мұғалімдері мен 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Кездесуге қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, қоғамдағы өзекті деген мәселелерді талқылады. Соның ішінде имам Медет қажы өз сөзінде жиналғандарға дәстүрлі емес теріс ағымдардың зияны мен зардаптары туралы түсінік берді.
Бас имам жастарға иманды, білімді болудың қажеттілігін түсіндірді. Еліміздің шырқын бұзып жатқан теріс ниеттегі ағымдар жастарымыздың басын айналдырып, өзінің саяси мақсаттарына пайдаланып жатқанына тоқталған ол отбасылы бала тәрбиесіне мән беруді еске салды. Сонымен қатар, дінді жамылған ниеті теріс ағымдардың Исламға еш қатысы жоқтығы егжей-тегжейлі баяндалды.
Кездесу соңында оқушылар имамға көкейінде мазалап жүрген сұрақтарын қойып, оқушыларға «Теріс ағымды діндерден сақтану ережелері» атты таратпа парақтар таратылды
5 желтоқсан күні 4А сыныбында «Толеранттылық дегеніміз не?» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға толеранттылық деген сөздің мағынасын түсіндіру .Халықтар арасындағы татулық, бірлік, ынтымақтастықты нығайту. Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің басқа ойға , көзқарасқа, наным-сенімге , іс –әрекетке , әдеп-ғұрыпқа , сезім –күйге , идеяларға төзімділік , жұмсақтық көрсете білу қасиетін қалыптастыру. Сынып тақырыпқа сай безендірілді. Барлық оқушылар іс-шараға ат салысты. Оқушылар әр ұлттың киімін киіп, ұлттық би, патриоттық тақырыптағы әндер орындап, әдеби-монтаж қойылды. Танымдық сабақ өте қызықты ұйымдастырылды.
«Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін жетілдіру» тақырыбында 7-9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен дебаттық турнир өтті. Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» халыққа жолдауы бойынша құнды ақпараттар берілді .
«Мейірімділік» тақырыбында 5А сыныбында өзін-өзі тану сабағы өтті. Өзін-өзі тану мұғалімі А.Қ.Абдуллаева сабақта мейірімділік, толеранттылық, төзімділік, кешірімділік ұғымдарын ашу мақсатында бейне роликтер көрсетті. Сабақ өте қызықты өтті.«Ортақ шаңырақ аясында» 1-4 орыс сыныптарының арасында отбасылық фестиваль ұйымдастырылды.Фестивальдің мақсаты отбасылық құндылықтарын жаңғырту, отансүйгіштік сезімдерін арттыру, олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын насихаттау және этномәдени бағыттағы жұмысын белсендіру болатын.Фестивальге көпэтносты отбасылар қатысты: Олардың ішінде қазақтан өзге түрік, шешен, орыс, украин, отбасылары болды. Ұйымдастырушылар күткендей сайыс өте тартысты болды. Әр отбасы «Біздің әулет», «Отбасылық мереке»,«Өнерлінің өрісі кең», «Ас адамның арқауы»атты кезеңдерде бар өнерлерін көрсетіп бақты. Бірінде кемшін түссе, келесі кезеңдерде басымдық танытты. Бірі мемлекеттік тілде еркін сөйлеп отаншылдығымен құрметке бөленсе, енді біреуі ұлттық дәстүрге деген ұқыптылығымен және ұлттық өнерімен көрермендердің көзайымына айналды. Бұл бәрімізге қуаныш және мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мектебімізде отбасылар өздерінің өнерлерін көрсетіп, ең бастысы,Отанға деген құрметтерін, отбасылық құндылықтарға, дәстүрге беріктігін барынша танытты. Сол себепті көрермендердің ықыласына теңдей бөленді және әділқазылардың да көңілдерінен шықты. Осыған байланысты барлығыңызды тең дәрежеде марапаттауды ұйғардық. Яғни - достық жеңді деген шешім шығарылды. Мерекелік сайысқа қатысқан отбасына мектеп директоры алғысын білдірді.
Дата: 12.12.2014, 17:24 Автор: №24 мектеп-интернаты