1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбие сағатының ақпараты.

1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  арналған тәрбие сағатының ақпараты.

28 – желтоқсан күні №24 орта мектебінің  интернат тәрбиеленушілерімен   «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған  тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан, Елбасының кісілік келбетін меңгерту,  Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты 5 бөлімнен тұрды. 1. «Өмір өрнегі» бөлімінде оқушылар Елбасы туралы қысқаша мағлұмат берді.Білімдерін бекіту   мақсатында артынан  деректі фильм көрсетілді.2. «Әдебиет айдыны» бөлімінде оқушылар арасында бірнеше күн бұрын шығарма жазудан және өлең шығарудан сайыс жарияланған болатын, нәтижесінде үздік шығарма мен үздік өлең анықталып,сол жерде жазған оқушы өзі оқып берді. 3.«Елбасының өмір баспалдақтары» бөлімінде бірлесіп дайындаған фотоколлаждарын қорғады. 4. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бұл кезеңде жолдау туралы ақпарат беріліп өтті. 5. «Білгенге маржан» қорытынды бөлімінде тәрбие сағаты барысында айтылған ақпараттар мен мағлұматтарды еске сақтау мақсатында сұрақтар қойылды.

Оқушылар тәрбие сағатынан алған білімдерін қорытындылау мақсатында қағаз бетіне  ұсыныс, пікірлерін түсірді.

Дата: 2.12.2014, 4:23 Автор: №24 мектеп-интернаты