№24 орта мектебінде 04.11-11.11.2014 жыл аралығында күзгі демалыста өткізілген іс-шаралар жайлы ақпарат.
Мақсаты: Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпа бойына Отанға , халқына , ұлттар достығына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру ,мәдениет мәртебесін ұрпақ санасына сіңіру , әртүрлі өнер түріне балалардың ынтасын ояту және бос уақыттарын шығармашылықтың көркем түріне арнаған жеткіншектердің талабын оятып, таланттарға дем беру.
1-4 сынып арасында «Күз-береке, күз-мереке» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Көрмеге сыныптар арасынан 17 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Бірінші орынды 5А сынып оқушысы Спабеков Ерасыл иеленіп , қалалық байқауға жолдама алды.
07.11.2014 жылы 7-9 сынып оқушылары қалалық ту көтерушілер байқауына қатысты.
Қалалық «Гакку» шығармашылық шеберлік сайысына мектебімізден 3 оқушы қатысты. Олар Бейсекеев Ануар 7А сынып, Орал Көркем 3Ә сынып , Орал Ажар 2А сынып оқушылары. Осы байқауда 3 орынды 2А сынып оқушысы Орал Ажар иеленді. Орал Ажар сонымен қатар Алматы қаласында 10-13. қараша аралығында өтетін республикалық «Күз-мереке» сайысына жолдама алды.
«В мире пешеходных наук» тақырыбында 1-4 сынып арасында танымдық бағдарлама өтті. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімдерін дамыту, жол ережелерін сақтауға, білуге тәрбиелеу. Қатысқан оқушылар саны: 22.
06.11.2014 жылы 6А, Б сыныптар арасында «Күзгі жаңалықтар» атты телестудиясы болып өтті.Мақсаты: Оқушылардың күзгі демалысында әлемдегі жаңалықтардан хабар беру, оқушылардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болуын ұйымдастыру,өзін-өзі қоғамдық ортада ұстай білуге, ойын еркін жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу. Әлем жаңалықтары тыңдалды. Жаңалықтар: жасөспірімдер арасындағы спорт түрінен , Балқаш қалалық мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету, Алматыдағы жер сілкінісі, Оңтүстік Қазақстандағы жаңа фильм түсірілуі, ауылдардағы қауіпсіздік ережелерінің қорытындысы, Волейболдан Қазақстан чемпионы анықталды ,Римде жолаушылар ұшағын найзағай соқты жаңалықтардан хабардар болды. Қатысқан оқушы саны 12.
Басқада әлем жаңалықтарынан оқушылар өз ойларын ортаға салды.
«Менің тату отбасым» тақырыбында электрондық презентация байқауы 8-11 сынып арасында өтті. Байқауға 14 оқушы қатысуға сұраныс жасап, 8А сынып оқушысы Қанаят Арайлымның жасаған презентациясы үздік деп танылды. Оқушылар компьютермен жұмыс жасауға дағдылана отырып, шеберлік таныта білді.
10.11 күні 7-9 сыныптар арасында мини футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың шарты бойынша әр сыныптан 8 оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 9А сынып оқушылары жеңіске жетті.