13-24 қазан аралығында мектебімізде Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы әдістеме бірлестігінің он күндік декадасы өтті.

  13-24 қазан аралығында  мектебімізде Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы әдістеме бірлестігінің он күндік декадасы өтті.

Декада барысында мектеп ұстаздары ашық сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралар өткізді.

Дінтану пәнінен  Факультатив сабағы бойынша 9А сыныбында  «Түркі дүниетанымындағы –Тәңірлік» атты ашық сабағын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға тәңір діні , діни ғұрыптары туралы терең білім беру, дініи –саяси сауаттылыққа баулу.

Қазақ тілі  пәнәнің мұғалімі Смагулова Г.С.  4Б сыныбында  «Қазақтың ұлттық тағамдары » атты ашық сабақ берді мақсатыҚазақтың ұлттық тағамдарымен танысу. Қазақ   халқының ұлттық  тағамдарының шығу тарихына шолу  жасау. Оның адам ағзасына  пайдасы туралы  мағлұматтар беру. Іскерлік  дағдыларын қалыптастыру. Тақырыпқа  байланысты өз ойын айта білуге үйрету,   қазақ тілінде  сауатты сөйлеуге қалыптастыру.

Ағылшын тілінің мұғалімі Абдуллаева А.К. 1А сыныбында «Менің отбасым » атты сынып сағатын өткізді . Мақсаты 1сынып оқушыларының  ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру. Сөйлеу тілін жаттықтыру.

Сабақтан тыс уақытта тәрбиелік іс-шаралар өтті. Ерменбетова Г.Б. «Менің мақтанышым» атты рәміздерді құрметтеу барысында мектеп жанындағы интернат оқушыларымен тәрбиелік іс –шара өткізді .Мақсаты: Оқушылардың рәміздерді құрметтеуіне . Отанын сүйер ұлан болуына тәрбиелеу.

Оспанова Ж.Н. ұйымдастыруымен «Отан сүйер ұлан бол!» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Мақсаты:Оқушыларды Отан сүйетін ұлан боуға тәрбиелей отырып,елін, жерін сүйуге,рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу,белсенділіктерін арттыру.

Дата: 27.10.2014, 3:54 Автор: №24 мектеп-интернаты