№24 орта мектебі бойынша Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

Іс – шараның мақсаты:

-         мұғалім мамандығына деген сый – құрмет; мектеп дәстүрлеріне;

-         барлық оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу;

-         тәртіптілікке баулу.

№24 орта мектебінде  жоспарға  сәйкес   мұғалімдер күнін тойлауға арналған іс-шаралар жоспары құрылды.

Мұғалімдер күні қарсаңында   «Мұғалім- ардақты есім» тақырыбында сынып сағаттары, «Егер мен мұғалім болсам..» тақырыбында эссе, шығармашылық әңгімелер, шығармалар байқауы   өткізіледі.

 Педагог еңбек ардагерлері де назардан тыс қалмайды. Мұғалімдер күніне орай мектептерде «Ұстаз – ардақты есім» тақырыбында құттықтау-акциясы ұйымдастырылып, қәсіподақ ұйымының атынан шағын сыйлықтар таратылды.

Педагогтарға деген құттықтау мен алғыстар жазылған мектеп парақша  мен газетін шығару  1-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды.

  

Сонымен қатар, «Ұстаздарға мың алғыс» тақырыбында мерекелік құттықтау бейне ролик  сайысы ұйымдастырылды.

Мектебімізде  дәстүрге айналған өзін-өзі басқару күні 03.10. 2014 жылы өтті.

Іс-шараларға қатысқан оқушы  саны: 255

Сабақ берген оқушы саны: 28

 Мектеп оқушылар мұғалімдерді  би билеп , гүл сыйлап қарсы алды.7-9 сынып ұлдары сағат 07.30-да мектептің фойесінде    мерекелік кештің шақыру қағаздарын таратты.

 Өзін-өзі басқару күнін педагогикалық  кеңесте, мұғалімдер және дублер ролінде болған, жоғарғы сынып оқушылары  қорытындылады. Балалар  педагогикалық  еңбектің  жеңіл  емес   екіндігі  туралы  әсерлерімен  бөлісті.

  

        « Ұстаздар-  ұлылардың ұлысы...» тақырыбында өзін-өзі басқару, «Жасұлан» ұйымының белсенділері және мектеп оқушыларының күшімен  мерекелік концерт  өтті.  Мерекелік концертте мектеп директоры Қ.Ж.Ахметова ұстаздар қауымына, ардагер ұстаздарға тілегін білдіріп, қалалық білім бөлімінің мадақтамасымен  алты ұстазды марапаттады.

Дата: 8.10.2014, 3:51 Автор: №24 мектеп-интернаты