№24 орта мектебі бойынша Еңбек күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша Еңбек күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

Мақсаты : Қарапайым еңбек адамының мәртебесін арттыру және құрметтеу. Әрбір мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.

22.09.2014 жылы «Еңбек түбі -береке» тақырыбында 1-11 сынып арасында сынып сағаттар өтті.

Қыркүйек айында мектебімізде  еңбекке баулу,  үлкенге ізет көрсету мақсатында  тимуршылар командасы құрылып, темір жол саласының еңбек ардагері А.Л.Балабановаға көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, қарт әжейдің өмірі мен қызмет еткен жылдарынан  сұқбат алынды.             

   

25.09.2014 жылы «Қаламның тазалығы менің қолымда» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.  Акцияға мектеп оқушылары белсене ат салысып, мектеп ауласының тазалығымен айналысты.

26.09.2014 жылы «Білім ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігінің сақталуы» тақырыбында педагогикалық ұжыммен еңбек инспекторы Б.Т.Абишевпен кездесу өтті.

   Мектеп директоры Қ.Ж.Ахметова педагогикалық ұжымды келген қонақпен таныстырды.

  Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Б.Т.Абишевтың «Білім ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігінің сақталуы» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

ҚР –сының заңнамаларынан мысал келтіре отырып, білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Әр білім беру ұйымдарында келеңсіз жағдай болмауы үшін міндетті түрде еңбек қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, сақталуының қадағалануы  баса айтылды. 

 

                                                                               

Дата: 8.10.2014, 3:06 Автор: №24 мектеп-интернаты