№24 орта мектебі бойынша Қала күніне арналған іс-шаралар жоспары

№24 орта мектебі бойынша Қала күніне арналған іс-шаралар жоспары

  Мақсаты:Өскелең ұрпақтың бойынан туған елге, жерге деген патриоттық сезімдерін  ояту, Қала күні мерейтойының өтуіне жасөспірімдерді тарту.

15.09 күні  «Менің сүйікті қаламның келбеті» тақырыбында  кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

  

Бекітілген кесте бойынша 1-4 сынып оқушылары мектеп кітапханасында  қаламыздың шығу тарихы , бүгіні мен ертеңі жайлы бейнетаспа тамашалады. 

«Өткені сырлы-келешегі нұрлы Балқашым!» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында шығарма сайыс өтті. Оқушылар белсене  ат салыса отырып, туған жердің кең байлықтары,

Болашақта Қазақстанның мәртебесін жоғары көтеретін бүгінгі ұрпақ - балаларға арналған «Жарқын болашақ» атты ашық хат сайысы өтті.   6А сынып оқушысы Шаймұрат Али : «Мен осы суреттегідей ең әдемі, көрікті үйлерді біздің қаладан көргім келеді. Егер мен Балқаш әдеміленсе халық бай болады деп ойлаймын. Осындай әдемі үйлер Балқашта көп болуы керек. Себебі біздің қала, егемен елдің қаласы. Балқаш мәңгі гүлдене берсін, Отанымыздың келешегі дәстүрлі заман талабымен жалғаса берсін. Н.Ә.Назарбаев атамызға айтарым мұндай  зәулім үйлерді көп түрғызсын.  Бұдан да басқа көп үйлер, киіз үйлер тұрғызып Отанымызды, атамекенімізді көркейте берсін!»  деп ашық хатында өз ойын білдірген екен.

1-4 сынып арасында «Менің сүйікті қалам» тақырыбында мозаика құрастырудан шығармашылық топтар құрылды. Жеңімпаз атанған 3А,3Б,2Б сыныптары мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Дата: 30.09.2014, 11:31 Автор: №24 мектеп-интернаты