№24 орта мектебі бойынша «Отбасы күні» мерекесіне арналған іс-шаралар туралы ақпарат
2014 жылы қыркүйектің 8-шы жұлдызында №24 орта мектебінде «Отбасы күні» мерекесін тойлауға арлалған мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мерекеге ұстаздар қауымы , ата- аналары және оқушылар қатысты. «Біздің бақытты отбасы» тақырыбында 1-4 сынып аралығында фотоколлаж ұйымдастырылды. Оқушылар және олардың ата-аналары да , белсене ат салыса отырып, жеңімпазда анықталды. 3Ә сынып оқушысы Орал Көркем жеңімпаз аттанды Мектебімізде «Отбасы алтын тірегім» тақырыбында 7-8 сынып оқушылары арасында шығармалар сайысы өткізілді. Үздік деп танылған Жузбаева Сымбат 7А сынып оқушысы мақтау дипломымен марапатталды. 12. 09.2014 жылы Отбасы күніне арналған «Жапырақ тамырдан нәр алады» тақырыбында 1 сынып ата – аналарына арналған тренинг – жаттығу өткізілді. Тренинг – жаттығуды 1 «А» және 1 «Б» сынып ата – аналарымен мектеп психологтары Мусина Альмира Калкаманқызы және Кулымжанова Гульжан Мауленкызы өткізді. Тренинг – жаттығуының мақсаты отбасы тәрбиесінде ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету. Тәрбиенің ең тамаша жері – отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдеу. Ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасының жүйелері, яғни жүрек пен ақыл тәрбиесі арқылы тәрбиелеудің маңызын ашып көрсету. Тренинг – жаттығу жоспарланып, сол жоспар бойынша ата – аналардың белсенділік танытуының арқасында жақсы өтті. Ата – аналар өз – ара бір – бірімен отбасындағы тәрбие туралы пікір алмасты, анкеталық сұрақтарға жауап беріп, сол жерде қорытындысы оқылды, пайдалы ұсыныстар берілді. Соңынды өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. «Бақытты отбасы-бақытты ел» атты сурет көрмесі, «Анама сыйлық» тақырыбында қолөнер туындылары көрмесі өтті. 13.09 күні «Бірге жетістікке жетеміз!» атты отбасылар арасында сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа Құлмағанбетовтар, Қалашбаевтар және Кимдер отбасы қатысты. Сайыс 10 этаптан тұрып, әрбір сайыстың ережесімен таныстырылып отырды. Сайыс қорытындысы бойынша Кимдер отбасы қалалық сайысқа жолдама алды. 15.09 күні 1-11 сыныптарда «Ата-аналар үйі –өмір жолының басы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында ата-аналар қауымы тартылып, «Ата-ананың бағыты», «Отбасыда тәрбиелеу» дәрістері, «Әр баланың өмірге құқығы бар» тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар , ата-аналарға арнлған ақпараттық алаңдар ұйымдастырылды, мектеп психологтарының көмегімен консультациялық кабинеттері жұмыс істеді.
Дата: 23.09.2014, 4:07 Автор: №24 мектеп-интернаты